Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Қасіретті ғашықтық хаты

Қасіретті ғашықтық хаты

Қасіретті ғашықтық хаты

Махаббат, адалдық, уәде, сертті арқау еткен осы бір шағын дүние сіздерді де толқытпай қоймас. 

***

Әкемді жерлеу салтында, оның келе қалуы ойда жоқ іс болды. Өйткені, бауыр-туыс, ағайын-достар ішінде бірде-бір адам оны танымаушы еді.

70 жас шамасындағы бұл әйел қолдан тоқылған қара жамылғы киіп, омырауына кішкене ақ гүл тағып алыпты. Әппақ қудай ағарған шаштарын тап-тұйнақтай етіп тараған, етжеңді келген келбетінен жас кезінде қас сұлудың бірі болғандығы менмұндалап тұр.

Жерлеу салты аяқталу алында, жападан жалғыз өзі келіпті. Қаралы жиынға кіре бере, ол сәл кідірді де, ептей басып, құлпырған гүл ортасында тым-тырыс жатқан әкемнің қасына келіп, ұзақ қарап тұрды.

Жанарынан байсалдылық, биязылық лебі ескенімен, қатты қайғырып кетпеген.

Әкеме жақындай түскен бұл әйелдің еріндері жыбырлап, бірдеңелерді айтқандай болды. Одан соң, жүзіне болмашы күлкі үйіріліп, әруағы о дүниеге аттанғалы тұрған әкеме қолын бұлғады.

Мен барып, оны ақырын сүйедім. Біз бір-бірімізбен таныспағанымызбен, ол әкемді шығарып салу үшін келіп отыр емес пе?! Осы үйдің жалғыз ұлы болған мен бұл үшін алғыс айтуға тиіспін.

Көзіміз түйісе қалған сәтте, ол маған көне таныстардай сезілді. Жағымды жүзі, өмір өтсе де, кәрілікке дес бермеген айдай ажары, қайырымшыл қабағы...

Сірә, мен оны қайдан көріп ем?!..

Әлгі әйел күлімсірей басын изеп, қолымның сыртына қағып-қағып қойды да, әкемнің жан үзер шағында қалай болғанын сұрады.

Әкемнің дәм-тұзы таусыларда, ауру азабын тартпағанын, ұйықтаған бойы, тіпті, дүниеден күлімсіреген қалпы аттанғанын оған қысқаша баяндап бердім.

- Онда жақсы болған екен, - деді ол күлімсіреп.

Кенет жанарына жас үйіріле қалды да:«Қош бол! Тағы кездесеріміз» деді өз-өзіне күбірлеп. Сосын менің қолымды босатты. Басқа аза тұтушылар сияқты емес, ол қайғы-қасірет шегіп тұрған үй ішіндегілерге рет-ретімен жұбату айтты. Сосын әкеме бұрылып қарап біраз тұрды да, шығып кетті.

Оны сыртқа шығарып салғанымда:«Тым қайғырып кетпе, кім-кімнің де тұрақтар тұрағы сол. Әрі мұның өзі жаңа бір бастама болуы мүмкін» деді маған бұрылып.

Оның сөзін түсінген мен басымды изедім. Бұл жасамыс әйелдің мінез-құлқы мен сөйлеген сөзі маған соншама жинақы да салмақты сезілді.

Ал сонда кім болғаны?! Күдік-күмәнім асқан мен қарымта қайтарып, барыс-келіс жасау үшін оның салауатын білгім келді. Сонымен одан әкемнің қаза болғанын қалай естігені жайлы сынай сұрадым.

Сәл кідірген ол газеттен қаралы хабарды көргенін айтты.

Бұрын осы тақырып жөнінде әңгімелескенімде, әкемнің денсаулығы жақсы болатын. Есімде қалуынша, сол кезде қалжыңдаса отырып, ол кісіге: «Өмірімде бала-шағам, дос-жарандарым мен қызметтестерім түгел осы қалада. Бірдеңе болса қалса, бір адам білсе, басқаларға дереу жеткізеді. Газетке қаралы хабар жазып қайтеді?» деген болатынмын.

Әкем ылғи: «Мұның өзі бұл дүниемен қоштасу ғой» деп жауап беретін.

Осылай жалғаса келе, мен кейін әкемнің шынайы осылай деп жүргендігін, тіпті, сонша жылдар бойы күн құрғатпай газет көретіндігін, газеттің кішкентай бұрышындағы біреулер жөніндегі қаралы хабарды да қалт жібермейтіндігін аңғардым. Ал ол үшін осындай бір болмашы істің тым маңызды екендігін білдім. Кейін әкем дүние салған күні ағайымыз барып газетке қаралы хабар бастырған екен.

Алайда көңіл айта келгендердің бәрі қаралы хабарды бір-бірінен естіген. Газеттен қаралы хабар алып келген бірі жоқ. Ал әлгі әйел қаралы хабарды газеттен ғана көріп отыр. Мен еріксіз әкемнің қазасы жөніндегі қаралы хабар тек сол әйел үшін таратылған болды ма деп ойладым. Сол аралықта әкемнің көнетоз суреттер топтамасындағы бір сурет есіме түсе кетті. Уақыт ізімен ол сурет сарғайыңқырап қалғанымен, суреттегі адам ажары айқын көрінеді. Ол келте шашты, ажары айдай сұлу, күлім қаққан қыздың суреті болатын.

Есімде қалуынша, бұл суретті алғаш көргенімде мен әлі кішкентай бала едім. Мен шешемнен: «Бұл кім?» деп сұрағанымда, сәл кідіріп: «Менің бұрынғы қызметтесім» деп жауап берген еді.

- Оны неге көрмегенмін? - деп сұрадым мен тағы.

- Ол өте алыс жерге кеткен.

- Қаншалық алыста? - деп сұрадым тағы да таңданып.

- Өте алыс, әйтеуір, қайтып келе алмастай жерген кеткен, - деді шешем күрсініп.

Сонымен сұрақтарым да аяқталған. Одан бері көп жылдар өтсе де, оны мүлде көре алмадым. Ол тек көңілімде буалдыр бір елес боп қана қалған еді. Шешемнің жүзіндегі өкініш пен күрсінгенін көріп, бұл сурет жайлы екінші рет ауыз ашпайтын болдым. Ал ержеткен соң, ұмыт бола бастаған.

Кейін бір жұмыстан босай қалғанымда, әлгі суреттер топтамасын ақтарып отырып, әлгі суретті тағы да көрдім. Көрдім де, шешемнің айтқан алыс жер дегені, бәлкім, жұмақ шығар деген ой сап ете қалған.

Бірақ қателесіппін. Ол әлі тірі екен. Оның үстіне ол осы қала төңірегінде тұрмаса, осынау шағын қалалық газетті көрмеген болар еді.

Ал бір жылдың алдында шешем қайтыс болғанда, өзі айтқан неше жылдың алдындағы осы «қызметтесі» неге келмеді?! Енді міне, жападан-жалғыз, осынша қимастықпен әкемді шығарып салуға келіп тұр.

Бір әйел заты қимастықпен қиылғанда ғана оның жанары жайнап, назданып кетеді. Менде де махаббат болған. Мұны шамалай аламын.

Мен барлығын білгім келді. Бірақ сол тұста күдік күмәнда болу орынсыз еді. Әлгі әйел кетердің алдында мен одан хабарласып тұруын өтіндім. Ол бұған қарсы болмады:

- Әкең дүниеден өтті. Сенің менімен кездесіп тұруың уәдеге қиянат жасағандық болмайды, - деді.

Уәде?!

Әкем екеуінің арасында нендей уәде болды екен деші?!

Үш күннен соң қайғыны қайратқа жеңдіріп, үйімізден аралығы 3 шақырым жерде тұратын әлгі әйелді іздеп таптым. Ол жап-жақын жерде ғана – қаланы ендей өтіп ағып жатқан өзеннің арғы жағасында тұрады екен.

Жағдай менің ойлағанымдай болып шықты. Оның айтқандары қарапайым әрі ойға қонымды еді.

Ол шешемнің қызметтесі емес, әкемнің кезіндегі құлай сүйген махаббаты екен. Екеуі өзді-өзінің отбасы жағдайынан соңында бас қоса алмапты. Кейін әкем әжемнің мәжбүрлеуімен шешеммен некелесіпті. Әкем үйленіп, екі жылдан соң, ол да тұрмысқа шығыпты. Ол тұрмысқа шығар алдында, әкем екеуі ең соңғы рет кездесіп, бұдан былай өзара кездеспеуге, бір-бірінің тұрмысына кесірін тигізбеуге, бірақ, күндер өте келе, кім бұрын дүние салса, қалған бірі ақырғы рет оның дидарын көріп, шығарып салуға, бақи дүниеде кездесіп, бірін--бірі тастап кетпеуге, қайта қауышуды тілеуге уәделесіпті. Ал солай бола қалған жағдайда, өмірлерінің ең соңғы ғашықтық хаты ретінде газетке бір қаралы хабар беруге келісіпті.

Мұны естігенде, жанарыма еріксіз жас үйірілді. Ол әкемнен айрылғанда 20 жаста ғана екен. Жарты ғасырдан бері үш-ақ шақырым аралықта іргелес отырса да, бір-бірімен мүлде хабарласпапты. Уәде байлаған ең соңғы ғашықтық хаты – шағын ғана қаралы хабар болыпты.

Егер бақи дүниеде шынымен де бас қосуға болатын болса, басқа үшін емес, олардың осы өмірдегі уәде-серттері үшін, олардың осы дүниедегі ең соңғы кездескен сәттегі махаббаттары үшін, олардың қайта қауышу тілегі үшін, бұл дүниедегі бір шағын ғашықтық хаты үшін болса да шешем олардың кездесуіне мүмкіндік беретін шығар...

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: tarot.com, kotofot.ru

4620 4
Рейтинг: +5

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 03 шілде 2013, 15:51
Пікірлер
+0
03 шілде 2013, 15:55

:( Алшын, шын жылаттың жүректі. Тек бір ғана адам үшін таң атырып, күн батыру, осыншама пәк, адал махаббат иесі болу кім-кімнің де маңдайына жазыла бермесі анық-ты... :roll:

+0
03 шілде 2013, 17:06

Әсерлі көз алдымда өткендей болды. :cry:

+0
04 шілде 2013, 00:59

Сүйе тұра, ынтық бола, сағына тұра, «Ғашығымнан хат келiп қала ма?» деген қорқынышпен өмiр сүру... қасiрет...

+0
07 шілде 2013, 14:53

:cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев