Өзге адам, Өзге!

Өзге адам, Өзге!

Сен – өзіңсің, ал басқалар өзге адам. Қалайша соншама көп адам өзін өзгелермен салыстырады да жүреді?! Мүлде байланыссыз екі адам. Салыстыра қалса болды, сын көбейе береді. Мазалану, бейнет дегеніміз толассыз туындай береді осыдан.

Салыстыру барысында, адамдардың көбі өзгелер тіршілігінің өзінікінен көңілді екенін, шат-шадыман екенін, өзгелердің ісінің сәтті екенін, сүйіспеншілігінің шынайы екенін сезінеді. Ал өзінікі мүлде керісінше боп көрінеді.

Салыстыра келе, өзгенің өзіңнен мықты екенін байқаған жағдайда, өкінішіне өрт кеткендей болады, әрі өзіңді жек көре бастайсың. Бұл мінез отқа май құйғандай лаулай түседі. Сірә, неліктен?

Өз басыңның шарт-жағдайы өзгелерден кем еместей, бірақ, қашан да өзгелерге жетпей жүресің! Мүмкін бағың жанбағандықтан шығар? Болашақта не істеу керек? Осылай өзгелерден кем болып жүре беру керек пе? Әлде күндердің күнінде тасыңның өрге домалайтынына сенесің бе?!

Шынын айтқанда, мұның себебі тым қарапайым:

Бірінші, адам қашан да өзін өзінен кем адаммен салыстырмайды. Шүкіршілік етпейді.

Екінші, көріністе өзінен биік болып көрінетін адамның кемістігін ешқашан көрмейді.

Өзгенің қалай болуы өз ісі. Басыңа мазасыздық іздесең, өзіңді өзгелермен салыстыр да отыр!

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек