Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Балаңызға жау болғыңыз келмесе...

Балаңызға жау болғыңыз келмесе...

Балаңызға жау болғыңыз келмесе...

Баланың ата-ананы ұнатпауы жайлы сөз болғанда, кейбір ата-аналар ұлының ат жалын тартып мінуін, қызының бой жетуін армандап, үнемі өз баласының ең таңдаулы адам болуын аңсайды. Бірақ, керісінше балалармен шүйіркелесу мен отбасы тәрбиесін назарынан шығарып қояды.

Бірақ, бұл қатып-семген қағида болмауы керек. Балалардың да өз әлемі болады. Кейде олардың ата-анасын ұнатпай қалатын тұстары болады. Егер мұны дер кезінде түзетпесеңіз, бұл ұнатпаудың соңы сыйламауға апарып соғады. Ендеше, балалар қандай ата-налардан мезі болады:

  1. Менменсіну. Кейбір ата-аналар баласын жазғырғанда «Мен бала күнімде, біз кішкене кезімізде...» деп бастайды. Шынын қуғанда бұл сөз бір-ақ рет айтылса жеткілікті. Алайда, олар қашан да өзін мысал етіп, тоқтаусыз қайталай береді. Бұл сөз шынымен-ақ балаларды әбден мезі етеді. Тіпті, бірте-бірте құлақ аспайтын болады. Ата-ана болған адам көңіл-күйін тежей білуі керек. Балалар қабылдай алатын сөздер арқылы балаға жетекшілік ету, өнімді әдіс болып саналмақ.
  2. Ашушаң мінез. Бірде бір оқушым «әкемнің мінезінің неге осынша тарпаң екенінің байыбына бара алмадым. Оның көзіне көрінсем болды, жын көргендей бетің-жүзің деместен жерден алып, жерге салады. Менің түсіндіруімді тыңдап көрген емес» демесі бар ма. Бала мінезі тай тепкендей ашушаң, дөрекі ата-аналарды неге сонша жек көреді? Психологиялық жақтан алдымен ата-ана өзіне деген тәрбиесін күшейтуі керек. Баланың кішкене ғана қателігіне бола ашуға мінетін ата аналар көп. Бұдан да сорақысы балаға ұрысу арқылы өз ішіндегі шерді тарқататын әке-шешелер де жетіп артылады. Бала ешқашан шер шығарудың құрбаны болмауы керек.
  3. Баланы өзгелермен салыстыра беру. Кейбір ата-аналар өз баласының кемшілігі мен өзге балалардың артықшылығын салыстырып, баланың бетіне басады. Мұндағысы баланы жігерлендіремін дегені болса керек. Бірақ, бұл жігерлендіру емес, қайта жасыту. Бұл, біріншіден, баланың өзін құрметтеуіне психологиялық кесірін тигізеді. Екіншіден, бұл сөзге құлағы үйір болған бала сенімінен айрылады. Бұл тәрбие ешқашан табысқа жеткізбейді.
  4. Еркіндігін қалыптан тыс тежеу. Бір оқушы шешесінің күн сайын таңертең сиыр сүтін ішуге мәжбүрлеп, өзіне бесіктен белі шықпаған сәбидей мәміле жасайтынын айтып шағынса, тағы бір оқушы достарымен бірге міндетті жұмыс істеуге уәделесіп қойған кезінде, шешесінің жібермей қойғанын жазғырып, достарының алдында қарабет болғанын айтады. Міне, бұл бала көңіліне дақ болып қалатын «еркіндіктен тежеу» тәрбиесі. Баланың еркіне ерекше құрметпен қараған жөн. Балаға бұйрық беру арқылы емес, керісінше, ақылдасып, тең мәміледе сөйлескен дұрыс. Кең қолтық отбасында ержеткен баланың мінез-құлқы кемелді, өзіндік ерік-жігері, шешім жасау қабілеті бар адам болып өседі.
  5. Баланың үйренуінен басқа ештеңеге көңіл бөлмеу. Бірде бір оқушы "Әкеме футбол туралы әңгімей айтып берейін деп, бастай бергенім сол еді сөгіске ұшырадым. Сен қатты құлшынып үйренбесең, келешекте жарамсыз адам болып шығасың. Мүмкін футбол жарысының бір билетін де ала алмайтын шығарсың дейді. Бұлай екі сөзге келмей дүрсе қоя берсе, онымен қалай ғана тіл табыса аламын" деп мұңын шақты. Мұндай ата-аналар баланың тек сабақ нәтижесін ғана көзде ұстайды да, бұдан өзгесін қағыс қалдырады. Бұл түрдегі «оңай олжа табуды көксейтін» тәрбие болашақ ұрпақты сәтсіз өмір жолына ғана итермелейді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: teacherclub.ru

2738 17
Рейтинг: +1

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 01 тамыз 2014, 13:30
Пікірлер
+0
01 тамыз 2014, 14:00

ехххх осыны оқыса ғой пахан.Бастайт бірдеңе істемесең "Жұрттың баласын қараш" деп

+0
01 тамыз 2014, 14:22

Туған әкеңді "пахан" деп айту дұрыс емес.

+0
01 тамыз 2014, 14:23

енді "махан" деп айтады ма?

+0
01 тамыз 2014, 14:29

жоқ, "пахан", "махан" - иманды адамның айтатын сөзі емес

+0
01 тамыз 2014, 14:32

ия, ия. Не ғой әзіл емес, шын сұраймын, кәріс тілінде әке - шеше қалай деп айтылады?

+0
01 тамыз 2014, 14:38

"Аппа", "омма"

+0
01 тамыз 2014, 14:23

Папа мендей кезінде тракторист болған. Ал мен болсам банкирмін. Маған қарап ұрыспайды. Бірақ пападан озып кете алмаймын. Құнанбайдың Абайға айтқан сөзін есімнен шығармай жүремін: Ей, ақымақ, сен әуелі Абай сиқты ұлды өмірге алып келіп, тәрбиелеп ал, сосын маған қарап әңгіме айтасың, - деген сөзі бар еді ғой

+0
01 тамыз 2014, 14:44

Аппа", "омма" деген сөзді естіген сайын біздің ауылдың иттері қыңсылайдығой

+0
01 тамыз 2014, 15:05

:cry: :cry: :cry: иттер қашып жүр дейсің ғо

+0
01 тамыз 2014, 14:52

Атан ана балаға ешқашан жаман болсын демейді, ол баланың өзіне байланысты бұндай ойлар қалыптасуы, менің ойымша бұл тақырып ты қозғаудың өзі ұят бізге, сонда әке шеше баланың жау болмау үшін дейсіз сонда әке шеге нұсқау беріп жатырсыз Ардақ ұят емеспа бұл біз ата анамызға қарыздармыз олар қандай болсада, біз оларға ешқандай шарт немесе олар бізге жақсы көріну үшін оларға шарта қойа алмаймыз, Ардақты мен түсінбедім, немесе әке шесесіне осындай шарт қойдым сендер де солай жасаңдар дегенің ба? бояғыш бояғыш деген сайын сақалыңды бойапсынғой

+0
01 тамыз 2014, 21:02

Дұрыс айтасыз. Шынында да бұл қазақы тәрбиеге тән емес, мүмкін басқа тілден аударылған шығар.

+0
01 тамыз 2014, 14:56

менің осы сөзім үшін массагет өзі біледі шығарып жіберседе

+0
01 тамыз 2014, 15:04

Қорықпа, шығармайды. Массагеттен шығып, шығып әбден жүрегің шайылып қалыпты ғой бала. :idea: :idea: :idea: жанеееем сол, боқамасаң болды, либой жерден өзім суырып аламын

+0
01 тамыз 2014, 15:07

Пласкобс брат болдығой

+0
03 тамыз 2014, 17:17

Бала тәрбиесі бір қиын нәрсе, қатты ашуланғанда ұрсып аласын да өкінесін. Бір жағынан ұрысқан да дұрыс болды ма деп қоямын, өз қателігін түсінетін шығар деп. Біресе отырып ақыл айтқам келеді, алайда тіпті жаман болып кете ме дейсін, әкем де ақылсына береді деп. Бір нақты рецепті жоқ нәрсе екен.

+0
04 тамыз 2014, 11:24

түсінігі тарлар мұнда жаман ойларын тықпалапты ғой аямай.. ешкім ата-анаңды тәрбиеле деп жатқан жоқ, болашақ ата-аналарға кеңес деп қана неге қабылдамасқа? қажетсіз болса жаба салуға болады ғой, бұл кеңестерді қажетсінетіндердің бар екенін ескеріп. қыздар былай тұрсын, ер адамдардың пікірлер аймағына еп-ерсі әңгімені езіп тұрып, лас ойларынан ұялмайтыны, ұсақталып бара жатқаны өкінішті.

+0
07 тамыз 2014, 15:12

ай өкініш өкініш деп қойсай Нұршат :x

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев