Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Біз өзімізді өзгерте аламыз...

Біз өзімізді өзгерте аламыз...

Біз өзімізді өзгерте аламыз...

Әрбір сәтсіздік үшін қиналып, уайымға беріле бермей өзіміз үшін адал болайық... «Бұл мүмкін, - дейді Варвара Сидорова. – Әрбір өзгерісті өзіміз үшін пайдалы ете аламыз».

Психотерапияның көмегі

«Ажырасып, отбасыдан кетіп қалу?.. Жоқ, бұл бассыздық». «Жұмыстан кету? Қазір? Мен бұған дайын емеспін». Қандай да бір өзгеріс бізді шошындырады. Бірақ бастығыңыздың бассыздықтары мен қас-қабағына қарап жүре беру қаншалықты дұрыс? Ал құрмет пен сыйластығы жоқ отбасыны көзсіз ерлікке балап, сақтап қалу ше?

«Біз әрқашан өзгерісте боламыз: есейеміз, дамимыз, қандай да бір жағдайда өз болмысымызды ашамыз, жаңа тәжірибе аламыз – және біздің өміріміз де бізбен бірге өзгеруі керек, - дейді Варвара Сидорова. – Сондықтан да бастапқы кезде ұнаған жағдайды ұстап қалуға тырыспау керек. Өзгерісті пайдалы ету үшін қазіргі жағдайда бізге не ұнайтынын анықтауымыз қажет». Бастысы – қуат пен қаражат, әрекет жасау үшін: өзіңді өзгертіп қалпында қалу немесе жағдайды өзгертіп кетіп қалу.

Дәл осында психотерапияның көмегі қандай болуы мүмкін? Бұл өзіміздің іштей дамуымыздың не себепті тоқтап қалғандығын, шын мәнінде не қалайтынымызды және армандарыңызды орындау үшін нендей іс-әрекет жасауымыз керектігін анықтап береді.

Өз қалауыңызды анықтау

Сіз таңғы асыңызды іштіңіз, таңғы серуенде көршілеріңізбен амандастыңыз, балаларыңызды балабақшаға апардыңыз, жұмысқа келдіңіз, үзілісте ата-анаңыз бен досыңызға хабарластыңыз. Бәрі де қалыпты. Енді айтыңыз, өміріңізді осы уақытта қанша рет жақсы етіп көрсеттіңіз, мейлі жұмыста болсын, мейлі жеке өміріңізде болсын. Біздің өміріміз керемет немесе ұнамсыз екенін сырт көзге көрсету мәнсіз. Жағдайдың қиын екенін біле тұра, біз іштей ғана саналы түрде ұйғарым жасаймыз. Себебі жағдайды шешу үшін ашық түрде іс-әрекет жасаудан қорқамыз, оның белгілі бір бөлшегін өз жағдайыңызды шешуге деген талпыныстың жоқтығы болады. Бір жағдаяттың шешілмей, тек белгілі бір уақытқа ысырылып қойылуы стреске айналуы мүмкін екенін естен әсте де шығаруға болмайды. Бізге өмірлік жолдасымызбен бірге болу ұнамаса да, оған үйреніп кеттік, ескі жұмыс көңілімізден шықпайды, ал жаңа жұмыс іздеу – тым әурелену...

Алайда егер біз осы бір қиын жағдаяттар орманынан шығар жол тапқымыз келсе, жағдайдың қиын екенін айтып, сыртқа шығаруымыз, мойындауымыз дұрыс. Бұл жаңа өзгерістерге мүмкіндік береді.

«Басқа да маңызды белгі – біздің қалауымыз бен қиялымыз, олар әрқашан да жүруіміз керек бағытты анықтайды, - дейді Варвара Сидорова. – Ал қиялымыздың артында не тұрғанын психотерапияның түрлі әдістері мен бағыттары анықтап бермек».

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vk.com

5572 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 27 мамыр 2013, 16:37
Пікірлер
+0
27 мамыр 2013, 17:09

Ал, мойындадым делік, менің қазіргі жұмысыма деген қызығушылығым жоғалды, өмірім алға жылжымай, тоқырап қалғандай әсерде жүрмін. Бірақ жұмыстан кетуге, басқа жұмыс іздеуге дайын емеспін, себебі белгісіздіктен қорқамын. Қазір маған не қызық, не ұнайтынын да білмеймін. Мұны мойындағаннан не өзгеруі мүмкін?

+0
27 мамыр 2013, 17:18

Майя, өзіңе не керек екенін саналы түрде анықтау керек :idea:

+0
27 мамыр 2013, 19:15

Сол не қажет, не қызықты екенін біле алмасам қайтем? Осы уақытқа дейін мен аз-аздан болса да әр нәрседен хабардар болуға ұмтылыппын, ал негізінде ең дұрысы бір нәрсені зерделеп, жақсылап үйреніп, бір саланың шеберлік деңгейіне жету қажет екен. Сонда ғана адамдарға көбірек пайда тигізесің екен. Дәл қазір мен мен өзімді жай бір анықтама тәрізді сезінемін. Мүмкін, энциклопедия дәрежесіне жетуге талпынармын, а?

+0
27 мамыр 2013, 17:58

Маған өз ісімді бастау керек, бірақ әлі дайын емеспін

+0
05 маусым 2013, 11:13

Мая, мына "ақылгөй" қайдан шықты деп емес, жолдастық әлде, ағалық кеңес ретінде қабылаңыз.
Ондай жан күйзелісі (душевный кризис) немесе тоқырау әр адамның басында болады, оны өзіңізде білесіз. Жалпы өзім осындай жағдайларда барлығын өмірдің ағынымен жібергенді қалаймын, Алла Тағала міндетті түрде бір жерден бір бетбұрыс - жаңа арна алдыңызға алып келеді, сол сәтке дайын болсаңыз ары қарай бәрі жақсы болады.
Кейбір адамдар мұндайда керісінше ағынға қарсы жүзеді, ондай жағдайда алдынан көп қиыншылықтар кездеседі. Мұның барлығы Алланың сынағы. Егер соған төтеп берсеңіз алдыңыздан міндетті түрде жарқын жол шығады. Өз басым осы жолды бірнеше рет таңдап көрдім, бірақ жеке басың ғана емес, артыңда анаң, жанұяң тұрып қиналыған сәттерде еріксіз ағынды бойлауға тура келетінін түсіндім.
Ал, анықтамалық жөніне келетін болсақ, олда өте жақсы ғой. Тек соны өміріңізге қажетті кезде қолдана білсеңіз болғаны немесе сол білгеніңізді ел игілігіне ұсынсаңыз тіпті тамаша. (мысалы Жағда Бабалық ұлы.)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев