Қағидалар қақтығысы

Қағидалар қақтығысы

Айна қағидасы: біреу жайлы пікір айтқың келсе, алдымен өзіңнің қандай екеніңді бір еске ал.

Ауру қағидасы: Өзі өкпелі адам өзгеге өкпе артқыш болады.

Үстіңгі жол қағидасы: Біреудің сізге қарым-қатынасы нашарлап, сіздің басқалармен қарым-қатынасыңыз жөнделе берсе, сіздің жоғарылай бастағаныңыз.

Бумеранг қағидасы: Біз біреуге жәрдем беру арқылы өзімізге өзіміз көмектесеміз.

Көпір қағидасы: Адамдар өздерінің өзендегі көпірмен не үшін жүру керектігін түсінбейді: арғы бетке өту үшін бе, әлде су кешкісі келмегендіктен бе?

Орындық қағидасы: Біз біреуді өз орнына қою үшін ол адамды алдымен өз орнымызға қойып көруіміз керек.

Үйрену қағидасы: Көлденең көзді кез келген адамның бізге бір нәрсені үйрете алатын қабілеті болады.

Харизма қағидасы: Адамдар өздеріне қызығушылығы артып жүрген жан жайлы бәрін білгісі келіп тұрады.

Адалдық қағидасы: Адамдар өзгеден адал болуды күтеді, бірақ өздері бұл сөздің не екенін де білмейді.

10 баллдың кағидасы: Сенім адамдардың өз-өздерін түзеуіне жол сілтейді.

Тайталастық қағидасы: Біз ең алдымен біреудің қамын жасағандай болып жүреміз де, уақыт өте бірден сонымен тайталасып шыға келеміз.

Іргетас қағидасы: Сенім – кез келген қарым-қатынастың іргетасы.

Лифт қағидасы: Біз адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы оларды жоғары көтеріп те, төменге түсіріп те жібере аламыз.

Жағдай қағидасы: Ешқашан сіз үшін қарым-қатынастан жағдайдың маңызды болып кетуіне жол бермеңіз.

Қарапайымдылық қағидасы: Біреумен қарым-қатынастың жеңіл өтуі оның өзін еркін сезінуіне жол ашады.

Окоп қағидасы: Егер біреумен соғысқалы жатсаң, алдымен өзіңе досың екеуің сыятындай етіп окоп қазып қой.

Егіншілік қағидасы: Барлық қарым-қатынастарды тек қана өсіре беру керек.

Төзім қағидасы: Жалғыз шыққаннан гөрі, екеу болып саяхатқа шыққанда үнемі жайырақ жүруге тура келеді.

Әріптестік қағидасы: Бірігіп пішкен тон келте болмас.

Қуаныш қағидасы: Берекелі ортадан бір рет қана бас сұққанның өзінде-ақ өмірлік ләззат алуға болады.

Безіну қағидасы: Біз көп жағдайда өзімізден безінетін адамның артынан қуа береміз.

Баспалдақ қағидасы: Адамдардың көбі жоғары көтеріліп бара жатқан жанның аяғынан тартады, өзінің соңынан келе жатқан адамды теуіп құлатқысы келеді. Бірақ баспалдақтың жоғарыға түсіп-шығу үшін салынатынын ұмытпау керек.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: mail.ru

А. Әбілхан