Айналамызға жақсылық жасай білейік

Айналамызға жақсылық жасай білейік

АҚШ-та «Алғыс айту» мерекесі аса көңілді күндердің бірі болып есептеледі.

Ерте, ерте, ертеде бір жас жұбай торыққан күйде «Алғыс айту» мерекесінің келуін сарыла күтіпті. Жұпыны тұрмыс кешіп жүрген олар мерекелік астың не екенін ойлап та көрмепті. Тағаттары таусылған ерлі-зайыптылар ұрыса бастапты. Ал, ұлдары амалсыз қол қусырып бір шетте қарап тұрыпты. Дәл осы кезде есікті біреу қағыпты. Тысқа жүгіріп шыққан ұлы есіктің көзінде қолында ыдыс толы мерекелік дүниесі бар, жүзіне күлкі үйірілген бір ер адамның тұрғанын көріпті. Бұл жағдайды көрген олар таң-тамаша болып аңтарыла қалыпты.

Әлгі адам: «Мына нәрселерді біреу маған сіздерге жеткізіп бер деген еді. Ол бұл дүниеде сіздердің қамдарыңызды жеп, аялап жүретін біреудің бар екеніне сенулеріңізді үміт етеді», – дейді.

Бейтаныс кісі әкелген бұл тартудан әлгі ерлі-зайыптылар бас тартыпты. Бірақ, әлгі адам себетті ұл баланың білегіне іле салыпты да, сыртқа беттепті. Кетерінде ыстық ықыласпен: «Алғыс айту мерекелеріңіз көңілді болсын!», – дейді.

Бұл ұл бала басқаларға жақсылық жасауды өзіне мақсат қылып қойған жан еді. Оның өміріне келер болсақ, он сегіз жасқа келген жылы әлгі ұл бала өз алдына дербес тіршілік ете бастапты. Мардымсыз еңбекақы алатын ол сол жылы «Алғыс айту» мерекесінде бірталай ішпек-жемек сатып алып, оны әдемілеп қораптап, ең кедей, кембағал отбасына апарып беріпті. Тозығы жеткен үйден бір әйел шығып оны қарсы алыпты. Ол әйелге: «Мен біреудің аманатын жеткізіп тұрмын. Мына нәрселерді қабыл алғайсыздар!», – депті. Сонан іле-шала әлгі тағамдарды арбадан түсіріп, мәз-мейрам болған кедей шаңырақтың балалары: «Жақсылықтың елшісі келді!», – деп алақайлай жөнеліпті. Тосын құбылыстан ес-ақылы шыққан әйелге жас жігіт: «Жо, жоқ, бір достарыңыз мені осында жұмсады, отбасыңызға қуаныш тілеймін!», – дейді де, әлгі әйелге бір парақ ақ қағаз ұстатып жолына түседі.

Парақшада: «Мен сіздердің бір достарыңызбын, мерекені көңілді өткізуге тілектеспін, әрі, бұл дүниеде сіздерді сүйетін біреудің бар екеніне сенулеріңізді үміт етемін. Бұдан кейінгі күндерде жағдайларыңыз жар берсе, осы жолмен басқаларға қуаныш сыйлаңыздар!», – деген жазулар бар еді.

Ақ тілеулі осы жас жігіт тұрмыстағы теперіштерге ерлікпен қарсы тұрып, ақыры, АҚШ-тағы көптеген адамның рухани піріне айналған.

Әрқандай адам өмірде азды-көпті басқалардың көмегіне бөленеді. Басқалардың мейір-шапағатын есімізден шығардық па, жоқ па? Әрі, осы себепті санамызда алғыс айту сезімі туды ма, жоқ па? Шындығында, егер біз өмірге алғыс айту ниетінде қарасақ, қиын қыстау жағдайда да өмірдің бал шәрбатын татып, болашаққа арман арта аламыз. Алғыс айту сезімі – бір түрлі дән сияқты. Егер біз оны жақсы сақтауды, уағында себуді білсек, онда басқаларға сүйіспеншілік пен үміт бағыштай аламыз. Сонымен бірге, оларды құтқарамыз немесе олардың ішкі дүниесін өзгертеміз.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: yeeyan.org

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Болашақта қай мамандықтарды робот алмастыруы мүмкін?
Болашақта қай мамандықтарды робот алмастыруы мүмкін?
Алматыда саяси репрессияға қарсы митинг өтіп жатыр
Алматыда саяси репрессияға қарсы митинг өтіп жатыр
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасының емтиханы қалай өтеді?
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасының емтиханы қалай өтеді?
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды