Көңілдің күйі – өмірдің мәні

Көңілдің күйі – өмірдің мәні

«Егер біреу өзін бейшара сезінетін болса, онда ол ғұмыр бойы осылайша кетуі әбден мүмкін» дейді психологтар. Күнделікті өмірде адамдарға көңілділікті сезіндірмейтін көптеген болымсыз істер мен қоршаған ортадағы құбылыстар бірге туылып отырады. Сіз өзіңізге көңілділікті сезінуге мүмкіндік беруіңізге болады. Көңілді жүруді үйренген кезде сіз оның құлы емес, қожасына айналасыз. Көңілділік дағдысы адамның сыртқы ортаның меңгеруіне ұшырамауына мүмкіндік береді.

Ендеше, көңілсіз жүрсеңіз бүгіннен бастап мынадай бекімге келіңіз:

  1. Мүмкіндіктің барынша көңілді жүрем;
  2. Өзгелерге игі, дос пейілде болам;
  3. Басқалардың қателігіне, сәтсіздігіне, ағаттығына түсіністікпен мәміле жасаймын. Олардың іс-әрекеті жөнінен ең тамаша түсінікке қол жеткізуге тырысам;
  4. Мүмкін болған жағдайда табысқа қол жеткізген сәттегідей қуанышта жүремін. Қазіргі даралық үмітке бастайтын даралық. Барлық іс-әрекет, сезімімді осы жаңа даралықты негіз ете отырып дамытамын;
  5. Таным әлемім торығу мен керанаулықты сырып тастайды;
  6. Күніне кем дегенде үш рет күлімсіреуге жаттығамын;
  7. Мейлі қандай жағдай орын алса да мүмкіндіктің барынша байсалды, әрі, ұстамды болуға құлшынамын;
  8. Өзгертуге келмейтін үмітсіз «істерді» мәңгі естен шығаруға, өткен іс ретінде қарауға дағдыланамын;

Напол Хил мен Стон «PMA заңы» атты кітаптарында былай деп жазады: «Өз бақытыңды табудың ең сенімді әдіісі – өзіңнің зейін-зердеңді арнап, өзгелердің шатыққа кенелуіне мүмкіндік беру. Бақыт – тұрақтап тұрмайтын ашық-әшкере құбылыс. Егер шын бақытты табуға беліңді бекем буған болсаң, онда оның өте оңай ұстатпайдындығын байқайсың, егер өзгелерге бақыт жеткізер болсаң, ол саған да табиғи түрде келеді.»

Жоғарыда айтылған әрбір іс әрекетке, сезімге, идеяға көрнекті әсер жасайды, әрі, осыларға дағдылануға жұмыс жасау сенің ішкі әлеміңе шынында мол өзгерістер әкеледі. Мұң-қайғыдан, сары уайымнан арыларма екенсіз, сеніміңіз артар ма екен?! Осы күйге үш апта машықтанып көріңіз.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: nipin.com

M. Auelkhan