Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ұлым, мен сені сүйемін!

Ұлым, мен сені сүйемін!

Ұлым, мен сені сүйемін!

12 жыл отау құрып келе жатқан әйелім маған бір күні «басқа» әйелмен тамақтануымды сұрады.

Ол маған: Мен сені шынымен сүйемін. Бірақ сені басқа да әйел өте жақсы көретінін мен жақсы білемін. Сондықтан да сен ол кісімен кездесуің керек, - деді.

Әйелімнің басқа әйел деп тұрғаны – менің анам болатын. Ол 19 жылдан бері жесір қалған адам еді. Бірақ менің үш балам мен жұмысым барлық күшімді алатын болған соң, анама өте сирек баратын едім. Сол күні мен анама қоңырау шалып, кешкі асқа, киноға шақырдым.

- Не болып қалды? Барлығы дұрыс па ? – деп уайымдап кетті анам.

Менің анам кешқұрым қоңырау соқсаң, бірден жамандыққа жоритын адамдардың қатарынан болатын.

- Мен сізді кешкі асқа және киноға шақырайын деген едім, анашым, – дедім мен.

Аз ғана ойланып болған соң, анам: «Мен бұл сәтті асыға күтіп жүрмін», - деп үн қатты.

Жұма күні жұмысымнан шығып, анамның үйіне қарай жол тарттым. Шамалы жақындап қалғанда, денем тітіркеніп, өзімді жайсыз сезіндім. Машинам анамның үйінің алдына келіп тоқтағанда, ол кісінің есіктің алдында мені күтіп тұрғанын байқадым. Ол да аз-маз қобалжып тұрды. Шашы өрілген. Иығына күртешесін жай ғана жауып алған.

- Мен достарыма бүгін мен ұлыммен кешкі асқа, киноға баратынымды айттым. Олар таңырқап қалды. Біздің үйге келмегеніңе де көп болыпты, - деді анам машинаға отыра салып.

Содан біз мейрамханаға жүріп кеттік. Барған мейрамханамыз аса қымбат емес еді. Дегенмен ыңғайлы әрі әдемі. Мейрамханаға кірер кезде, анам менің қолымнан ұстап, әлемдегі ең сұлу әйел секілді жүрді.

Орнымызға жайғасқан соң, тағамдардың тізімін оқып бердім. Өйткені, анамның көзі тек ірі әріптерді ғана көретін. Тізімді орта беліне дейін оқып келіп, басымды көтерсем, анам маған қарап, үнсіз жымиып отыр екен.

- Бұрын кішкентай кезіңде тағамдардың тізімін мен саған оқып беретін едім, - деді ол.

- Демек, енді менің сізге қызмет ететін кезім келді, - деп жауап бердім.

Кешкі ас барысында қызу әңгімеге беріліп кетіппіз. Маңызды еш нәрсе де айтпағандай болдық. Біз тек өміріміздегі соңғы жаңалықтарымызбен бөлістік. Бірақ әңгімеге беріліп кеткендігіміз соншалықты, киноға баруға кешігіп қалыппыз.

Тамақтанып болып, мен анамды үйіне алып келгенде, ол маған: «Мен сенімен тағы да бір рет мейрамханаға барамын», - деді. Бірақ бұл жолы ол жаққа өзі шақыратынын айтты.

Мен келістім.

- Кеш қалай өтті ? – деп сұрады үйге келгенде жұбайым.

- Өте тамаша. Тіпті мен ойлағаннан да керемет өтті, - деп жауап бердім.

Біз тамақтанғаннан кейін, бірнеше күн өткен соң, анам өмірден озды. Жүрек ауруынан. Ол оқиғаның жылдамдықпен болғандығы соншалықты, мен анам үшін ештеңе де істей алмай қалдым. Ал тағы бірнеше күннен кейін поштадан бір хат келді. Ішін ашып қарасам, анам екеуміз тамақтанған мейрамханаға алдын ала төлеп қойылған есеп-шоттың қағазы екен. Хаттың ішінде тағы бір жапырақ қағаз болды. Оның ішінде былай деп жазылған: «Мен екеуміздің тамақтануымыз үшін өткендегі мейрамханаға ақша төлеп қойдым. Дегенмен тағы бір рет сенімен кешкі ас ішетініме күмәнданамын. Сонда да алдын ала ақша төлеп қойдым. Сен үшін және сенің әйелің үшін. Ұлым, мен сені сүйемін!».

P.S. Ата-аналарыңызды құрметтеңіздер!  Себебі, ата-аналарыңыз ғана сіздердің қуаныштарыңызға шынайы қуанып, қайғыларыңызға ортақтаса алады. Ол кісілердің жанынан жиі табылыңыздар. Өйткені, өмір зымырап барады ...

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: www.strong-atlet.net

3365 7
Рейтинг: +6

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 24 сәуір 2013, 18:08
Пікірлер
+0
24 сәуір 2013, 19:27

көңіл-күйім бұзылып, жылағым келіп отыр... :cry: МАМА

+0
24 сәуір 2013, 19:32

:cry:

+0
25 сәуір 2013, 10:02

Мамамды кеше ғана ренжітіп қойып едім. Қоңырау шалуым керек.

+0
25 сәуір 2013, 10:15

түсінбейм аналарына қалай ұзақ уақыт бармауға болады??? мен мамамның қасынан бір күн бір жаққа кетсем мың рет звондаймын.

+0
29 сәуір 2013, 22:42

куәгермін, растаймын))

+0
25 сәуір 2013, 13:29

жалғыз басты анасынан қалай бөлек тұрады екен? :roll:

+0
28 сәуір 2013, 00:09

бұл енді басқа ұлттың әңгімесі, біздің қазақылығымызға еш қатысы жоқ, себебі біздер ата-анамен бірге тұрамыз. Дегенмен әдемі әңгіме, тура нұсқау

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...