Ас үйді ауыстыратын көшпелі пеш

Ас үйді ауыстыратын көшпелі пеш

Көп уақыттан бері әлемнің алпауыты саналатын "Google"-мен бірлесе жүріп, жақында "One Earth Designs" орталығы күн сәулесімен іске қосылатын көшпелі қондырғы ("SolSource Air”) жасап шығарды.

Салмағы бар-жоғы үш келіден асар-аспас жаңа қондырғы кез келген асыңызды 10 минутта дайындап, бір адамның күшімен-ақ кез келген тұсқа көшіп-қонып жүре береді.

Табиғат аясында көп демалатындарға таптырмас жаңалық болып отыр.

”SolSource Air” қондырғысы газ, отынды қажет етпейді. Күн сәулесі бар тұсқа орналастырсаңыз болғаны. Бүгінгі таңда аталған қондырғы Қытай елінде таптырмас сұранысқа ие болуда.

"Қытай еліне сегіз жүз данасы сатылып кетті. Оның ішінде, Цинхай провинциясы күні бұрын қызығушылық танытқан болатын. Арадағы көптеген сынақтан соң сатылымға шығаруға бел будық" - дейді компания директоры.




сурет:pechi-butovo.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига