Мәзір: Асқабақ орамасы

Мәзір: Асқабақ орамасы

Пеште пісетін келесі тағамның дәмі ерекше. Құрамы қарапайым болғанымен, тағамды қонақтарға да әзірлеуге болады.

Құрамы:

Асқабақ — 500 гр.

Тартылған ет — 350 гр.

Ірімшік — 300 гр.

Пияз — 1 дана

Зәйтүн — 100 гр.

Базилик — 1 шай қасық

Қызанақ пастасы — 1 ас қасық

Тұз бен бұрыш — бір шымшымнан

Дайындалуы:

  • Пиязды турап, қызған майда қуырамыз. 5 минуттан кейін пиязға 1 ас қасық томат пастасын саламыз;

  • Оған тартылған етті қосып, тағы 20 минут жай отта пісіреміз. Етке тұз бен бұрыш қосылады;

  • Асқабақты ірі етіп тураймыз;

  • Енді арнайы ыдысқа алдымен туралған асқабақты төсеп, оның үстіне қуырылған ет пен пиязды төсейміз.;

  • Зәйтүндерді ортасынан екіге бөліп, еттен кейін орналастырамыз;
  • Бұдан кейін астың бетіне базиликті себеміз;
  • Енді тағамды 180 градус температурада, 20 минутқа пешке жөнелтеміз;
  • Ірімшікті үккіштен өткіземіз;

  • 20 минут өткен соң, астың бетіне үккіштен өткізілген ірімшікті сеуіп, тағы да 10 минут пеште пісіреміз;

Астарыңыз дәмді болсын!