Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Қамыс қанты пайдалы ма?

Қамыс қанты пайдалы ма?

Қамыс қанты пайдалы ма?

Қызылша қанты - үйреншікті, күнде қолданатын қант түрі. Ал қамыс қанты қандай болады? Ол пайдалы ма?

Қамыс қантын Үндістанда жасай бастаған. Еуропаға бұл қант орта ғасырларда жетіп, 11-12 ғасырларда әлемдік танымалдыққа ие болды.

Қазірде әлемде өндірілетін қанттың 60%-ы қамыс қанты, ал қалған 40%-ы қызылша қанты. Сонда да қарапайым қызылша қанты көп қолданылады. 

Алайда қамыс қантының пайдалы қасиеттері әлдеқайда көп екен.

  • Қоңыр қант клетчатка, микроэлементтер мен жүйке жүйесін реттейтін В дәруменіне бай.
  • Қамыс қантындағы калий ағзадағы артық сұйықтықты шығаруға көмектеседі.
  • Осы қант түрінің құрамындағы кальций сүйектерді берік қылады. Айта кетсек, қызылша қантында бұл элемент 23 есе аз екен.
  • Қанттағы мырыш жалпы ағзаға пайдалы.

Жалпы қоңыр қанттың бойында қызылша қантының барлық жақсы қасиеттері бар. Яғни ол бізге көмірсулардың қажетті мөлшерін, күш пен энергия береді. Алайда ақ қантқа қарағанда қамыс қанты бойында басқа да жақсы қасиеттер бар. Жалпы рафинадталған қант түрлерінің пайдалы қасиеттері бірден төмендейді. Сондықтан барынша өңделмеген, тазартылмаған қантты қолданған абзал. 

Пайдалы болса да, қамыс қанты да қант екенін ұмытпағаныңыз жөн. Оны көп пайдалану денсаулыққа зиян, артық салмақ бастамасы болуы мүмкін. Сол себепті күніне 5 қасықтан артық қабылдамаңыз. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: sunfood.com.ua


8158 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 20 ақпан 2013, 17:53
Пікірлер
+0
20 ақпан 2013, 17:08

Рафинадталған қантқа үйреніп қалғандықтан болар, қамыс қантының дәмі біртүрлі көрінеді )

+0
20 ақпан 2013, 18:10

Өзін бір ханшайым санайтын қыздардай ыстық суда еріп болмайтын қант екен өзі :D

+0
21 ақпан 2013, 11:25

:lol: :lol: :lol: өлдім ғой күшті теңеу екен

+0
21 ақпан 2013, 11:24

Қоңыр қантты көрмеппін :oops: пайдсы да көп екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...