Саптаяқтың да сыны мен сыры бар

Саптаяқтың да сыны мен сыры бар

Біз ұсынып отырған ең қызықты дизайнерлік саптаяқтарды барлық жағдайда да қолдана аласыз.

Жұмыста да, үйде де. Қандай да бір сусынды ішкенде тәбетіңізді аша түсетініне сенімдіміз. Мұндай күнделікті қарапайым дүниелер арқылы адамның мінезін, көңіл-күйін біле аламыз. Асыңыз дәмді болсын!

«Ұшқыш» саптаяқ

Компьютерде көп отыратын достарға осыдан артығы жоқ-ау?

My Cuppa саптаяғы сүт мөлшерін көрсетеді.

Алмалы-салмалы сап, ұнай ма?

Кофе ішіп отырып, жылынып алуға да болады.

«Скелет» деп аталатын саптаяқты Phoebe Richardson атты дизайнер жасапты.

Megawing жасаған саптаяқ көріп отырғаныңыздай, тістей алады. Иә, қашанғы сіз ғана тістей бересіз, бұл да тістесін...

Jonas Trampedach есімді дизайнер осындай қулық жасапты.

Обьектив-саптаяқ шынымен де фотоаппараттың құрылғысына ұқсайды. Шатастырып алмаңыз.

Тәтті-пәттіні салуға болатын саптаяқ та керек болып қалар.

Cookie Dunking Mug – прәндікті жұмсартып жейтін мен ғана ма десем...

Sharona Merlin осындай саптаяқ жасаған. Ал сусын ішіп көріңіз мынадан!

Нағыз маскарад-шоу!

«Мұзтауды суға батыр!»

Бұл саптаяқ сусыныңыздың суып қалмауын қамтамасыз етеді-мыс.

Кофе дәнінен жасалған саптаяқ.

Жеп те, ішіп те үлгеріңіз!

Дизайнер Ronit Baranga-ның ойынша, дастархан барысында ұрыс-керіс болса, бұл саптаяқтар қаша жөнеледі...

Фарфордан жасалған пластикалық саптаяқ.

Гравитация заңына бағынбайтын саптаяқтар.

Қантты саптаяқ түбіндегі шар езіп жібереді. Қасықтың дым да қажеті жоқ...

Takeshi Nishioka-ның күнтізбелік саптаяғы.

Шәйіңізді ішіп жатып, шошып қалмаңыз...

Пистолетке ұқсайтын саптаяқ.

Құйсаңыз өшеді, ішсеңіз жанады...

Кубик-рубиктің саптаяғы...

Кастет. Аса бұзақылар осымен ішсін!

Саптаяқ десе аяқ екен!

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: adme.ru

А. Құлтай