Кофені түрлендіріп ішейік...

Кофені түрлендіріп ішейік...

Кофе - күнделікті ішетін, үйреншікті ыстық сусын. Оның зиянда да, пайдалы да жақтары бар. Егер сіз кофеге құмар жандардың қатарынан болсаңыз, оны ерекше қылып, түрлендіріңіз.

Кофенің пайдалы қасиеттерін арттырып, зиянынын төмендететін мынандай қоспалар бар.

Су. Су қосылған кофені "колумбиялық кофе" деп атайды. Қою кофені сумен араластырып, оның асқорыту жолдарына тигізетін зақымын кемітуге болады. Кофенің қою түрлерін, мысалға эспрессоны сумен араластыруға кеңес береміз.
Лимон. Кофеге қосылған бір тілім лимон оны бір сәтте пайдалы ыстық сусын қылады. Ол кофенің антиоксидантты қасиетін еселеп, асқорыту жүйесіне пайдасын тигізеді, тамақ қорытылуын тездетеді.
Сүт. Сүтті кофеге қосу дәстүрге айналып та кетті. Кофенің дәмін жұмсарта отырып, оның әсерінен ағзадан шығарылатын кальцийді ұстап қалады. Сондай-ақ дауыс желбезектерін зақымданудан сақтайды.
Даршын (корица). Кофенің дәмі мен иісін түрлендіріп, сергітіп, тәбетіңізді бәсеңдетеді.

Ал сіз қандай кофе ішесіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: vk.com, osoznanie.org

С. А