Жемістер мен көкөністерді нитраттардан қалай тазартамыз?

Жемістер мен көкөністерді нитраттардан қалай тазартамыз?
Фото: Alexander Schimmeck, unsplash.com

Заманауи технология жемістер мен көкөністер түсімін арттыра алады және жақсарта алады. Өкінішке орай, нитраттарсыз ол мүмкін емес. Пестицидтермен улану жиі кездеседі, сондықтан көпшілік жылтырап тұрған өнімдерге қарағанда, үйдің бақшасында өскен көкөністерді алғысы келеді. Бірақ бұл да оларда химия жоғына кепіл емес, себебі ол тыңайтқыштарға да қосылған болуы мүмкін. Өкінішке орай, улауға жаппай еліктеу экология жағдайына әсер беріп, топырақтың және судық құрамын өзгертіп жібереді.

Дүкенде көкөністер мен жемістерді аларда нитратқа тексеріп алыңыз. Қалай тексеруге болатынын мына материалдан оқи аласыз.

Көкөністер мен жемістердегі нитраттардан толықтай арылу мүмкін емес, бірақ олардың мөлшерін азайтуға болады:

- Жемістер мен көкөністерді дайындар алдында мұқият жуу керек. Мүмкін болса, сыртқы қабатын алып тастаған дұрыс. Ал картоп пен сәбіздің піспеген жасылдау жерлері болса, оны кесіп тастаңыз.

- Жемістер мен көкөністерді суық суға 15-20 минутқа салып қоюға болады. Бұл, әсіресе, шөптерге (ақжелкен, аскөк және т.б) тиімді.

- Термиялық өңдеу кезінде нитраттардың көп бөлігі кетеді, бірақ қайнатпасын, әсіресе, көкөністер сорпасын, ішу ұсынылмайды. Ал қуыру, буда өңдеу, пісіру секілді басқа дайындау әдістері нитраттардан тиімді арылтпайды.

- Жемістерден немесе көкөністерден дайындалған тамақ жерде С дәруменін ішіңіз. Ол ағзада нитрозаминдердің түзілуін тежейді.

- Лимон немесе анар шырыны салаттағы нитраттарды залалсыздандырады.

- Дайын болған тамақты бірден жеуге тырысыңыз. Температуралар өзгерісі (тоңазытқыштан ыстық табаға) кезінде нитраттар қауіпті қосылыс — нитриттерге айналады.

сондай-ақ өнімдегі нитратты бейтараптандыратын кең таралған әдісті қолданып көріңіз. Ол үшін жемістер мен көкөністерді суы бар ыдысқа салып қою керек. Оған жарты лимонның суы мен 1 шай қасық теңіз тұзын салады.

А. Жапатова