Тауық еті

Тауық еті

Күнделікті қайталанатын астан шаршадыңыз ба? Оңай әрі дәмді тауық етін пеште пісіріп көріңіз! Жасалу жолы қиын емес, аса қымбат азық-түліктерді де қажет етпейді.

Құрамы:

  • Картоп—1 кг;
  • Тауықтың сан еті—3 дана;
  • Сарымсақ—3-4 дана;
  • Қаймақ 20%-дық-100гр;
  • Қара, қызыл бұрыш—1/4 шай қасық;
  • Тұз—2 шай қасық;
  • Көк шөп—қалауыңызға қарай;

Картопты тазалап, суық суға жуып әр данасын төртке бөліңіз. 

Терең ыдыста қаймақ, қара, қызыл бұрыш, тұз бен сарымсақты араластырыңыз.


Картопты қаймақ қоспасымен араластырыңыз.


Тауық етін жақсылап жуып, майлықпен сүртіңіз. Үлкен бөліктерге бөліп тураңыз.

Тұздап, екі жағынан 5 минуттай қуырыңыз.


Тауық пен картопты бір ыдысқа салып, 180 градусқа қыздырылған пеште 30-40 минут пісіріңіз.

Тауық дайын! Асыңыз дәмді болсын.


Істеп көріп, ойыңызды форумға жазыңыз.

Автор: Мөлдір Медетбекова

С. А