Қарбызды қысқа қалай сақтаймыз?

Жаз біте салысымен қарбыз маусымы да аяқталады. Алайда қарбызды жазда ғана емес қысқа сақтап жеуге болады. Ендеше маман кеңесіне жүгініп, қарбызды қысқа дайындайық.

Көбінің әлі піспеген, жетілмеген қарбызды кейін піседі деп сабағынан жұлып алатын әдеті бар. Бірақ бұл дұрыс емес. Биолог, агроном Михаил Воробьевтің айтуынша, өркенінен ерте жұлынған қарбыз қауын сияқты емес, ерте шіріп кетеді.

"Немесе тез пісіп, босап кетуі мүмкін. Ондай қарбыз дәмді болмайды. Әрі жақсы піскен қарбыздан іші болбырап кеткен қарбызды айыру оңай. Сыртын тоқылдатқанда, дүмпілдеп іші қуыс, бос екені білініп тұрады. Үні жаңғырып шығады", - дейді биолог.

Ал қарбызды ұзақ сақтаудың жолы – қарбызды қатырып тастау немесе одан сусын жасау.

"Қарбыз сусынын жасау үшін оны кесіп-кесіп турап, шырынсыққыш не кепсерден өткізіп, кейін кәдімгі тосап қайнатқандай қайнату қажет. Көбігін сүзіп алып, ыдысқа құйып сақтаңыз. Дәмі тосаптікіндей. Қайнатқан кезде С дәрумені біраз азаюы мүмкін. Бірақ дәмі сол қалпы қалады. Бал сияқты нанға жағып жеуге болады", - дейді маман.