Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Көк түсті шай – анчан

Көк түсті шай – анчан

Көк түсті шай – анчан

Көк шай – Азия елдерінде бұрыннан белгілі шай түрі. Бұл біз білетін "көк шай" емес. Анчан шайының түсі расымен көк болады.

Шай құрамында кофе ұнтақтары кездеспейді. Есесіне құрамында адам ағзасына пайдалы дәрумен жетерлік. Шайдың басты ерекшелігі ағзаны тамақ қалдықтарынан тазартады. Алайда сіз көк шай туралы тың ақпараттардан бейхабар болуыңыз әбден мүмкін. 

Көк шайдың беймәлім 5 ерекшелігі

Шайдың бірінші ерекшелігі – көк шай немесе Анчан деп аталуында. Екінші ерекшелігі  клитория тәрізді болуында. Үшінші ерекшелігі  әлемнің түкпір-түкпіріне таралып, түрлі атау қалыптастыруында. Төртінші ерекшелігі – ерекше құрылысында. Бесінші ерекшелігі  тек тропикалық орманда өсуінде. Ал басты ерекшелігі  шайдың дайындалуында.

Анчан шайын дайындау үшін көк түсті бутондарды таң сәресімен жинап алып, арнайы тәсілмен кептіреді. Жиналғаннан кейін жабық күйде тұруы өте маңызды. Келесі процесс гүлді қайнату арқылы жүзеге асады. Гүл суда қайнағанда көкшіл түске боялады. Кейін лимон сығындысын тамызғанда, күлгін түске өзгереді. Сондай-ақ Анчан шайының отаны – Азия және Аустралия. Ол Тайланд, Вьетнам, Малайзия, Үндістан, Қытай, Бирма елінде өседі. Өсімдік тұқымы зауыт бұршақ тұқымына жатады. Гүлшоқтың түпнұсқа орналасуына зер салсақ, құрылысы өте қызық. Әсте, атауы да жайдан жай қойылмаса керек. Өсімдікке ерекше атау берген  скандинавия ғалымы. Жалпы қолданысқа XVII ғасырдан бастап енді. Өсімдіктің биіктігі 3 метр, диаметрі 6 сантиметрді құрайды. Ол  үлкен гүлдері бар, мәңгі жасыл лиана.

Клитория туралы аңыз 

Клитория туралы аңыз ежелгі мифологияда да кездеседі. Аңызға сүйенсек, ерте заманда Шығыс Азияны ну орман басыпты-мыс. Орман ішінде жартылай адамдар, жартылай құдайлар өмір сүріпті. Сол жаратылыстың иесі Киннаре деп аталған. Олардың ерекшелігі ұшуға қабілетті болған. Бір күні Киннаре аспанда ұйықтай алмай жүрген әйелді көріп, оған көмектескісі келеді. Сүйтіп онымен бірге ұшады. Таулар мен өзендерден өтіп, түрлі елді-мекендерді шарлап, Гималай тауының етегіне тұрақтапты. Киннаре сол жерден иісі мүңкіген шөпті көреді. Сол шөптерді теріп, өзімен бірге алып кетеді. Өз жеріне келген соң, әлгі өсімдікті ауласына отырғызады. Олар жайқалып, өскеннен кейін теріп алып, шай жасайды. Қосымша шашқа арналған тұнбалар жасап, дәрумен ретінде қолданады. Нәтижесінде әйел ұйқысыздықтан құтылып, шашын қалпына келтіреді.

Көк шайдың пайдасы

Көк шай халық медицинасында қолданылады. Құрамында флавоноидтар бар. Олар суға ашық көк реңк береді. Сонымен қатар шайды ыстық және салқын түрде ішуге болады. Сусынға қосымша бал, жалбыз, лемонграсс, кориц, калган сияқты шөптер қосылады. Анчан түріндегі сусын ұйқыны реттеп, иммундық жүйеге әсер етеді, жұқпалы аурулардан қорғайды, бас ауруын болдырмайды, көңіл-күйді жақсартады.

Анчан шайы туралы бірнеше қызықты фактілер

Анчан шайының өзге реңкке боялуы, рН сұйықтығының өзгеруімен түсіндіріледі. Қышқыл орта сусынға күлгін түс береді. Гүл – судың қышқыл сілтілі балансының индикаторы. Анчан тағамға қауіпсіз бояғыш есебінде қолданылады. Өсімдік гүлінен жасалған ұнтақ ("ұнтақ матч" деп аталады) тағам пісіруге де пайдаланылады. Нәтижесінде тағам түсі көкке боялады. Ол сұйықтықта қалдықсыз ериді. Анчан шайы Тайландта "Тай шайы" деп аталады. Елде оны тек сусын ретінде ғана емес, сондай-ақ күріш пісіруде де қолданады. Көк шайдан гүлдің дәмі шықпайды. Ол шөп. Сондықтан қышқыл дәм басымырақ болады. Дәмін нәрлендіру үшін жалбыз, зімбір сияқты хош иісті шөптерді қосып дайындайды.

Дайындаған: Аяулым Шопанова
Фото: darvkusa.ru
Қосылған күні: 02 сәуір, 09:54

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->