Альцгеймер дертінің алдын ала алатын дән

Альцгеймер дертінің алдын ала алатын дән
Фото: pixabay.com

Күріш — суды және ыстықты жақсы көретін дақыл түрі. Ылғалы мол тропиктік және суптропиктік аймақтарда өсіріледі. Дүние жүзінде күрішті өсіру бойынша Қытай, Үндістан, Бангладеш, Индонезия секілді елдер алдыңғы қатарда.

«Proceedings of the National Academy of Sciences» журналында жарияланған ғылыми еңбекте күріштің шамамен 10 мың жыл бұрын Қытайда өсіріле бастағаны мәлімденген. Ғылыми зерттеуді жүргізген Қытай ғалымдары Янцзы өзенінің маңынан табылған күріш қалдықтарының күріш егіншілігінің ең көне мысалы екендігін алға тартады. Ал кейбір тарихшылар күріштің негізгі отаны Үндістан екендігін, Қытайға кейіннен барғандығын жазады. Одан кейін жібек жолы арқылы басқа елдерге таралады.

Күріш — негізгі азықтық дақылдардың бірі. Күріш дәнінен спирт, крахмал алынады. Ұны нан пісіруге қолайсыз болғандықтан көбінесе балмұздақ, кондитерлік өнімдерде қолданылады. Сабанынан қағаз жасалады. Кебегі — мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға болады.

Күріштен жасалатын палау тағамы асшылардың шынайы сынағы деуге болады. Суы көп болса езіліп кетеді, аз болса күріш тірі болып қалады. Сондай-ақ барлық күріштің қасиеті бірдей болмайды. Суды көп сіңіретін, аз сіңіретін, майды көп сіңіретін, ұзын, қысқа, ақ, күңгірт, қара секілді көптеген түрлері кездеседі. Ақпарат құралдарында дүние жүзінде 40 мыңнан астам түрі кездесетіні жазылады. Қара күріш туралы мынадай әпсана бар: «Ертеде қара күріш тек Қытай сарайларында ғана өсіріліп, сарай халқы ғана жей алатын азық болған екен. Күндердің бірінде бір шаруа бір уысын ұрлап шығып, өсіріп қара халықтың ішіне тарай бастаған екен. Бұл хабар патшаға жеткенде, шаруалардың қолындағы бүкіл қара күріштерді тәркілеп көзін жояды. Осыдан кейін қара күріш — «тыйым салынған күріш» деп аталып кеткен екен» деседі. 

Күріштің пайдалары

Күріш — дүние жүзінде ең көп тұтынылатын азықтардың бір түрі. «California Rice Commission» деректері бойынша дүние жүзінде 40 000-нан астам түрі бар көрінеді. Жүйелі қоректенудің ажырамас бөлігіне айналған күріш — құрамында зиянды май, холестерин секілді зиянды ештеңе болмауы арқылы денсаулыққа өте пайдалы азық түрі.

Қан қысымы: Құрамында натрий өте әлсін ғана кездесетіндіктен жоғары қан қысымымен байланысты дерті барлар үшін ең жақсы азықтардың бірі.  

Альцгеймер: Альцгеймер дертінің алдын алу мақсатында, мамандар бұл дертке шалдыққандар үшін пайдалы болып табылатын нейромедиатор тұрғысынан қанық келетін күңгірт түсті күрішті тұтынуға кеңес береді.

Қант диабеті: Аминқышқылдар қатарына жататын лейцин тұрғысынан қанық келетін күріш қандағы шекерді жүйелендіріп, күш береді және жаралардың жазылуына септігін тигізеді.

Ас қорыту: Ас қорытылмауының алдын алатын күріш іш өтуіне қарсы әсерлі келеді.

Қатерлі ісік: Күңгірт күріш қатерлі ісіктің алдын алуға ықпал ететін ерітілмейтін талшық тұрғысынан қанық келеді.

Дәрумендер мен минералдар қоры: Күріш D, B дәрумені, фолий қышқылы, кальций, ферум, магний секілді минералдарды қамтиды. Жасушалардың жаңалануын қамтамасыз етеді.

Энергия көзі: Күріште көмірсу мөлшері мол болатындықтан денеге күш-қуат беріп, мидың қалыпты жұмыс істеуіне көмекші болады.

Г. Берік