Әлеуметтік желіде әйгілі "тұз себушіні" басып озған жаңа аспаз кім?

Әлеуметтік желіде әйгілі "тұз себушіні" басып озған жаңа аспаз кім?
Фото: tempatkulineran.blogspot.com

Етті ерекше тұздайтын түрік есіңізде ме? Әлеуметтік желілерде оның тұз сепкендегі фирмалық мәнері бірден танымалдыққа ие болды. Аспаздың миллиондаған жанкүйері пайда болды және оның дайындаған етін жеуге адамдар әлемнің түкпір-түкпірінен келеді. Сонымен қатар, Нұсрет Гекче Канн фестивалінде арнайы марапатталғанын жазған болатынбыз. Ал қазір әлеуметтік желілерді тағы да бір түрік аспазы жаулап алды. Таныс болыңыздар, ол – Бурак Оздемир!

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Burak Özdemir (@cznburak)13 Авг 2019 в 7:51 PDT

Бурак Оздемир Ыстамбұл мейрамханаларының бірінде бас аспаз болып жұмыс істейді. Ол әлеуметтік желіде ерекше алып тағамдар дайындаған бейнероликтерімен танымал болды. Мысалы, оның алып бургер, метрлік люля-кебаб және көп порциялы дәстүрлі түрік тағамдарын дайындағанын көре аласыз.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Burak Özdemir (@cznburak)8 Сен 2019 в 4:10 PDT

Мұның барлығын Бурак инстаграмда жариялайды. Оның алып тағамдар дайындауы мен фирмалық күлкісі оған миллиондаған оқырман әкелді. Қазір Бурактың инстаграм парақшасында 10,7 миллион оқырманы бар. Ол жариялаған видеолар ғаламторда кең таралып кетеді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Burak Özdemir (@cznburak)21 Дек 2018 в 6:58 PST

Бурак Оздемир 13 жасынан бастап жұмыс жасаған: оның отбасының шағын мейрамхана бизнесі болған. Баланы кішкентай кезінен бастап аспаздыққа баулыған. Ол 2009 жылы Ақсарайға барып, өз бетінше жаңа асхана ашады. Бірнеше жылдың ішінде ол мол табысқа қол жеткізеді. Содан соң ол Ыстамбұлға жол тартады. Ыстамбұлда жергілікті жұлдызға айналып, оған жұлдыздар мен спортшылар келе бастайды. Инстаграм парақшасынан оған бірде атақты футболшы Рональдиньо келгенін байқауға болады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Burak Özdemir (@cznburak)2 Дек 2018 в 3:04 PST

Нұсрет Гекче өзінің "ерекше" тұз себуімен көзге түссе, Бурак Оздемирдің қолданатын бірден бірнеше ерекшелігі бар: ол үнемі алып тағамдар дайындайды, видеоға әрдайым күлімдеп түседі және кей роликтерінде тамақты тек камераға қарап тұрып пісіреді. 

А. Жапатова