Асүй ханшайымына қажет кеңестер

Асүй ханшайымына қажет кеңестер
Фото: goodfon.ru

Әрбір үй ханшайымының өз ас бөлмесінде қолданантын амал-тәсілдері болады. Сүйікті тағамды дайындағанда қолданатын түрлі қулықтар мен асүйге қажет кеңестерді назарларыңызға ұсынамыз.

• Кеуіп кеткен ірімшікті 20 минут сүтке салып алса, қайта қалпына келтіруге болады.

• Пияз турағанда екінші бөлігі қалып қойса, кескен тұсына май жағып қою керек, сонда балғындығы сақталады.

• Картопты қайнатқанда аскөк, пияз немесе 2 тіс сарымсақ салып жіберсе, дәмі ерекше болады.

• Жемістерді пластмасса тақтайға тураған дұрыс, себебі ағаш тақтай шырынды бойына сіңіріп алады.

• Үрмебұршақты суға қайнатқанда аздап өсімдік майын тамызса жұмсарады әрі дәмі кіреді.

• Гүлді қырыққабатты қайнатқанда қарайып немесе түсі кетіп қалмас үшін 1 шай қасық қант салу керек.

• Бауырды пісірмей тұрып, бірінші сүтке салып алса дәмі тіл үйіреді.

• Етті пісірер алдында ұзақ уақыт суға салмайды.

• Цитрусты жемістерді 5 минут ыстық суға салып алса, көп шырын шығады.

• Картоптан ботқа жасағанда ыстық сүт құйған дұрыс.

• Жеміс-жидектерді сүйегінен тез ажырату үшін мұздатқышта біраз ұстау керек.

• Қышқыл жемістерден шырын дайындағанда бір шымшым сода қосып жіберсе, дәмі кіреді.

• Алюминий ыдыстың құрамында қышқыл көп. Егер оған жидектерді қайнатса, тосаптың түсі өзгереді.

• Қаймақтың сапасын анықтау үшін, 1 стақан ыстық суға 1 шай қасық қаймақ салып араластырады. Жақсы қаймақ сумен тез араласып кетеді, ал сапасыз өнім түбінде шөгіп қалады.

• Ірімшікті мұздатқышта сақтаса, балғындығы кетеді.

• Тұздалған қырыққабат пен қиярды сорпаны ыдысқа құяр алдында салса, дәмі керемет сақталады.

• Ақжелкен мен аскөкті газеттің ортасына салып сақтаса, түсін сақтап қалады әрі жақсы кебеді.

Н. Үсенова