Пияз, мені жылатпа

Пияз, мені жылатпа

Күнделікті ас жасау барысындағы ең жағымсыз сәттердің бірі - пияз аршығанда еріксіз жылау. Өзіңізді қорлап, бұған жол бермеңіз. Мына кеңестер көмегімен еш жассыз-ақ тамақ даярлай аласыз.

  • Жүзуге арналған көзәйнектер, линзалар, тіпті кәдімгі күннен қорғайтын көзілдіріктер киіп алсаңыз болады.
  • Пиязды терезенің алдында аршыңыз, желмен бірге оның жағымсыз буланулары да кете қояды.
  • Пияздың тамырын оны тазалап болғаннан кейін кесіңіз. Оның басты "ащы" жері сол.
  • Пияз аршып отырып, бірдеңе шайнаңыз. Бұл ағзаңызда жас шығуға кері процесс тудырады.
  • Қасыңызға майшам жағып қойыңыз, ол жағымсыз иістерді жандырады.
  • Аузыңызға суық су толтырып алыңыз. Оны пияз тазалағанша жұтып қоймаңыз.
  • Пияз аршымас бұрын пышақ пен қолыңызға лимон шырынын жағып қойыңыз.
  • Немесе пышақты, қолыңызды суық суға матырып отырыңыз.
  • Ал пиязды жылдам аршу үшін, оны алдын ала бірнеше секундқа ыстық суға малыңыз. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: clvr.ru

С. А