Пайдалы зиян тағам

Пайдалы зиян тағам

"Зиян болар" деген жаман атағы бар кейбір тағам түрлері шын мәнінде пайдалы екенін білесіз бе? Ол қандай тағамдар?

Қызанақ кетчубы. Оны ойламастан зиянды тағамдар қатарына жатқызамыз. Бәлкім қуырылған картоп, майонезбен байланыстырғаннан болар. Алайда кетчуп А дәруменіне (көруді жақсартады), ликопинге (жүрекке жақсы), С дәруменіне өте бай. Кетчупта калория аз, ал майы тіптен болмайды. Жалғыз айтар кемшілігі - оның құрамындағы қант пен тұз мөлшері шамадан әлдеқайда көп, сондықтан кетчуптардың арасынан таңдап, қант пен тұзы ең азын алыңыз.

Қуырылған ет. Майда қуырылған, тұздалған, бұрышталған еттің қандай пайдасы болуы мүмкін деп ойлайсыз ба? Ол ақуыз, мырыш, темір, В дәруменінің қайнар көзі. Пайдалы болу үшін еттің майсыз бөлігін таңдаңыз, қуыруға май тым көп қолданбаңыз, қатты қуырудың да қажеті жоқ. Гарнир ретінде көкөністер мен салат түрлерін жасаңыз. Дәмді де пайдалы ас дайын!

Кептірілген жүзім. Әрине, кептірілген жүзім құрамында қант мөлшері шамадан көп болады. Алайда ондағы фенол атты заттың мөлшері әлдеқайда көп. Ол қартаю процессін баяулатып, жалпы иммунды жүйені берік қылады. Сондай-ақ жүзім инулин атты иммунды жүйені қорғайтын, май мен көмірсу алмасуын реттейтін зат бар.

Попкорн. Ғалымдардың соңғы жүргізген зерттеулері бойынша попкорн пайдасы жағынан көкөніс не жемістерден қалмайды. Оның құрамындағы клетчатка мен полифенолдар ағзаның қартаюын алшақтатып, аурулардан сақтайды екен. Бастысы попкорн даярлау барысында тым көп май, тұз бен қант қолданбау.

Сары май. Әрине, сары май өте калориялы келеді. Алайда онда майлы қышқылдар, дәрумендер, гормондарды синтездеуге қатысатын, жүйке жүйесі мен сүйектерді берік қылатын заттар бар. Бұның бәрі ағзаның жақсы жұмысына, тері, тырнақ, шаштың дұрыс өсуіне қажет. Алайда сары май әрине холестеринге бай, сондықтан оны шамамен ғана жеген жөн.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: cosmo.kz

С. А