Пайдалы 5 ыстық шай

Пайдалы 5 ыстық шай
Фото: pixabay.com

Суықтан және дәрумен жетіспеушілігінен қорғану үшін ыстық шай ішуге болады. Бірақ, ағзаға шайдың пайдасы тию үшін қарапайым шай емес, пайдалы жемістер, жидектер, жалбыз және дәмдеуіштер қосылған түрін дайындау керек. Сол кезде ондай шайдан денеңіз жылып қана қоймай, иммунитетіңізді де көтеріледі.

Мүкжидек шайы

Қажетті ингредиенттер:

- 60 г апельсин;
- 50 г лимон;
- 40 мл апельсин шырыны;
- 50 мл қант шәрбаты (50 г қант пен 50 мл суды араластырып, қант ерігенше қыздыру);
- 50 г мүкжидек (мұздатылған түрін пайдалануға болады);
- 1 даршын таяқшасы;
- 400 мл қайнаған су.

Дайындау жолы:Апельсинді шағын бөліктерге бөліп, мүкжидекпен бірге шәйнекке саламыз. Оған апельсин шырыны мен қант шәрбатын құйып, даршын таяқшасын саламыз. Соңынан қайнаған суды құйып, 15 минутқа қалдырамыз.

"Ыстық цитрус" шайы

  Қажетті ингредиенттер:

- 6 г каркаде шайы;
- 1 бөлік апельсин, грейпфрут және лимон;
- 40 г бал;
- 400 мл қайнаған су.

Дайындау жолы: Каркаде шайын, жемістер мен балды кәстрөлге салып, оған қайнаған су құямыз. Қайнаған соң, отты сөндіріп, шәйнекке құямыз. Оны 2 минуттан соң ұсына беруге болады.

"Транссібірлік экспресс" шайы

Транссібірлік экспресс – Еуропа мен Азияны ұзын темір жолмен байланыстыратын аты аңызға айналған пойыз. Оның атына зімбір мен шырғанақ (облепиха) хош иісін біріктіретін коктейль арналған. Олар бағалы емдік қасиеттерге ие.

  Қажетті ингредиенттер:

- 100 г мұздатылған шырғанақ;
- 200 мл апельсин шырыны;
- 40 мл зімбір шырыны;
- 40 мл лимон суы;
- 40 мл бал.

Дайындау жолы: Барлығын араластырып, 60°С-қа дейін қыздыру керек. Шай дайын!

Зімбір шайы

  Қажетті ингредиенттер:

- 200 г апельсин;
- 60 г лайм;
- 80 мл зімбір шырыны;
- 100 мл бал;
- жалбыз жапырақтары;
- 400 мл қайнаған су.

Дайындау жолы: Апельсин мен лаймды езіп, бал мен зімбір шырынына қосамыз. Оларға қайнаған су құямыз. Жалбыз жапырақтарын салып, 5-7 минутқа қалдырамыз.  

Алма-ванильді шай

  Қажетті ингредиенттер:

- 100 г алма;
- 100 г алмұрт;
- 60 г апельсин;
- 50 г лимон;
- 50 мл ваниль шәрбаты (ванильді қантпен ауыстыруға болады);
- 1 таяқша даршын;
- 400 мл қайнаған су.

Дайындау жолы: Жемістерді төртбұрышты етіп турап, шәйнекке саламыз. Оған ванильді шәрбат пен даршын таяқшасын саламыз. Соңынан қайнаған су құйып, 15 минутқа қалдырамыз.  

А. Жапатова