Массагеттен мәзір: Көкөністі фунчоза салаты

Массагеттен мәзір: Көкөністі фунчоза салаты
Фото: massaget.kz

Фунчоза салаты – тойымды, бірақ жеңіл ас. Оны дайындауға көп уақыт, күш кетпейді. Бұл салатты жасауда түрлі түсті көкөністер пайдалансаңыз, ол міндетті түрде дастарханыңызды ашып тұрады. 

Қажетті азық-түліктер:

- 100-150 г фунчоза;
- 2 қияр;
- 1 үлкен болгар бұрышы;
- 1 орташа сәбіз;
- қалауыңызға қарай ақжелкен мен аскөк;
- 1 фунчозаға арналған чим-чим дәмдеуіші.

Қайнаған суға фунчозаны салып, 3-4 минут қайнатамыз. Содан соң, фунчозаны салқын суға шайып алып, жеуге ыңғайлы болу үшін қайшымен әр жерден қиып жіберуге болады. 

Қиярды ұзынша етіп тураймыз.

Болгар бұрышын да ұзынша етіп тураймыз.

Сәбізді үккіштен өткіземіз.

Ақжелкенді ұсақтап тураймыз.

Аскөкті де ұсақтап тураймыз. 

Барлық ингредиентті бір ыдысқа салып, оған чим-чим дәмдеуішін қосып, жақсылап араластырамыз. Салат тоңазытқышта 1 сағат тұруы керек.

Көкөністі фунчоза салаты дайын! Оны фаршпен қалай дайындайтынын мына сілтемеден көріңіз.

А. Жапатова