Массагеттен мәзір: Ірімшік қосылған шелпек

Массагеттен мәзір: Ірімшік қосылған шелпек
Фото: massaget.kz

Жылдам әрі қолжетімді азық-түліктерден дайындалатын тағамның бір түрі – ірімшікті шелпек. Шелпектің дәмді болуы таңдаған ірімшігіңізге байланысты болады. Қалауыңызға қарай, оның ішіне кез келген өнім (мысалы, үккіштен өткізілген шұжық) салып та дайындауға болады. 

Қажетті азық-түліктер:

- 250 мл айран;
- 0,5 шай қасық ас содасы;
- 0,5 шай қасық тұз;
- 1 шай қасық қант;
- 250 г ірімшік;
- 2 стақан ұн.

 Айранды шұңғыл ыдысқа құйып, ішіне ас содасын, тұз және қант саламыз. Барлығын араластырамыз. Ол 5 минуттай тұру керек.

Ірімшікті үккіштен өткіземіз.

Айранға ірімшікті салып араластырамыз.

Оған ұн салып, барлығын араластырамыз. Ұнның барлығын бірден салып жібермеңіз.

Қолға жабыспайтын қамыр болғанша, ұнмен араластырамыз. Бірақ қатты тығыз болып кетпеуін тексеріңіз.

Оны кішкентай қамыр бөліктеріне бөлеміз.

Оны шелпек етіп илейміз.

Табаға аздап май құйып, отты орташа етіп қойып, шелпек қызарғанша қуырамыз. Табаның қақпағын жауып қуыру керек.

Шелпектің екінші жағын да солай қызартамыз.

Міндетті түрде табаның қақпағын жауып қуыру керек.

Жоғарыда айтылған ингредиенттерден 5-6 орташа шелпек шығады. Оны ыстық күйінде ұсынған жөн. 

Ірімшік қосылған шелпектер дайын!

А. Жапатова