Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Бауырға пайдалы 5 тағам

Бауырға пайдалы 5 тағам

Бауырға пайдалы 5 тағам

Бауыр жасушаларының 75%-ы бұзылса да, қалпына келе алады. Ал арнайы диета бұл процесті жылдамдатады. Бауырға пайдалы азық-түліктері бар 5 тағамды ұсынамыз.

1. Массагеттен мәзір: "Рататуй"

Бұл француз тағамы толықтай көкөністерден тұрады. Ал олар бауырдан улы заттарды шығаруға көмектесетін жасұнықтардан (клетчатка) тұрады. Рататуйдің бір жақсысы, кез келген мерзімдік көкөністерді кез келген қатынаста дайындай беруге болады.  

2. Массагеттен мәзір: Жеміс салаты

Балғын жемістер бауырға көкөністер секілді жақсы әсер береді. Салатты табиғи йогуртпен араластырған жөн. Сүт қышқылды өнімдер ағзадағы зиянды заттарды шығаруға көмектеседі.

3. Массагеттен мәзір: Крем-сорпа

Көкөністі, вегетариандық және крем-сорпалар – бауырға деген ауыртпалықты түсіріп, оның қалпына келуіне көмектеседі. Алайда, дәрігерлер бауыр ауруы кезінде саңырауқұлақ сорпасынан, көк сорпа және жасыл борщтан бас тартуды ұсынады. 

4. Балмен қыздырылып пісірілген алма

Бал өттің өңделуіне ықпал етеді және бауырдың зақымдалған жасушаларын қалпына келтіруге көмектеседі. Ал алма уыттарды шығарады. Бұл тағамға грек жаңғағын себіңіз. Себебі олар бауырға қажетті майлы қышқылға бай. 

5. Сұлы жармасы ботқасы

Сұлы жармасы ботқасы бауырды жақсы тазартады, ал оған өрік, бал, жаңғақтар мен алма қоссаңыз, пайдалы заттардан құралған керемет тағам шығады. Оны сүтте қайнатыңыз, ақуызды өнімдер органның қалпына келуіне қажет.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: bodieko.si
Қосылған күні: 23 қазан 2018, 13:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.