Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Оазис патшайымы

Оазис патшайымы

Оазис патшайымы

Ғылыми деректер құрманың шыққан жері ретінде Парсы шығанағын көрсетеді. Жеміс өсетін құрма пальмасы – Африка мен Азияның шөлді аймақтарында көптеп кездеседі. Жергілікті тұрғындар құрманы «оазис патшайымы», тіпті кейде «өмір ағашы» деп атайды екен.

Ал араб халқының құрманы осыдан 5-7 мың жыл бұрын жеуге жарамды жеміс ретінде танығандықтары туралы мәліметтер бар. Ертеде әрбір араб сарбазы құрма ұзаққа сақталатындықтан және адамды аштыққа шыдамды ететіндіктен, соғысқа аттанар алдында екі қапшық құрма алып шығатын болған деседі. Ал қазіргі таңда құрма шаруашылығымен айналысатын негізгі елдер қатарына Сауд Арабиясы, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан жатады.

Ежелгі Египет қорымдарында құрма жемісінің суреттері жиі кездеседі. Кейбір қолжазбаларда Вавилонда құрмадан сірке суы мен шарап жасалғандығы да айтылады.

Бүгінде піскеніне, кепкеніне, көлеміне, пайдасына, дәміне, түр-түсіне қарай бөлгенде, құрманың 18-ге жуық түрі белгілі.

Құрманың құрамында А,В1, В2, Е, С, Р дәрумендері, натрий, калий, магний, калций, темір, фосфат, қант, антиоксиданттар, органикалық қышқылдар, ақуыздар, көмірсулар бар.

Арабтар: «құрма жеңіз де, тісіңізді қорғаңыз» деп айтып жатады. Бұлай дейтіндері тегін емес, оның құрамындағы кальций мен темір тіс күтімі үшін аса қажет микроэлементтер екендігіне таласымыз жоқ.

Жеміс құрамындағы қанттар, әсіресе глюкоза, фруктоза және калий жүрек-тамыр жүйесін қамтамасыз етеді. Қан аздыққа да өте пайдалы. Жеміс бета-каротинге бай болғандықтан, көру қабілетін жақсартып, тыныс алу жүйесін қамтамасыз етеді.

Ол сергіткіш әсер беріп, жұмыс істеу қабілетін күшейтеді. Мамандар миға салмақ түсіретін, қарбаласта жұмыс істейтіндерге жемісті үзбей жеп тұруға кеңес береді. Ұмытшақ болсаңыз, құрмамен жолдас болыңыз.

Құрамындағы каротиннің көптігі теріге де пайдалы. Бетке безеу шыққанда, бетте ұсақ тесіктер пайда болғанда олармен бірден-бір күресуші құрма жемісі болып табылады. Бұл жемістен бетке маска жасаған да, денеге арналған гель қолданған да пайдалы. Ол денені ылғалдандырады және жасартады.

Әдетте, құрма кепкен және жаңа піскен түрінде сатылады. Оны сатып аларда қатты кіржиіп кетпеген болуына назар аударыңыз (тым тегіс құрма да жақсы емес). Құрманы тоңазытқышта бір жыл бойы, ал мұздатқышта бес жыл уақытқа дейін сақтауға мүмкіндік бар.

Суреттер:gastronom.ru,nebolei.ru,tourblogger.ru,polzavred.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

14700 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 07 қараша 2012, 12:25
Пікірлер
+0
07 қараша 2012, 13:05

Күз келсе, құрма да келеді

+0
07 қараша 2012, 13:13

кішкентай кезімде атамның оразаға алған құрмасын тығып жүріп жеуші едік))))) ерекше дәмді жеміс қой...

+0
07 қараша 2012, 13:38

құрманың дәмі керемет қой!

+0
07 қараша 2012, 13:48

керемет жақсы көрем екеуінде

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев