Массагеттен мәзір: Қараөрік бәліші

Массагеттен мәзір: Қараөрік бәліші
Фото: massaget.kz

Жаз мезгілі – түрлі балғын жеміс-жидектің уақыты. Егер қышқыл десерт жақсы көрсеңіз, қараөріктен пісірілетін бәліш дайындауға болады.

Қажетті азық-түлік:

- 10-12 қараөрік;
- 100 г кілегей маргарині;
- 0,5 стақан қант;
- 1 шай қасық ванилин;
- 2 жұмыртқа;
- 100 г қаймақ;
- 1,5 стақан ұн;
- 0,5 шай қасық ас содасы;
- 1 шым-шым тұз;
- 1,5 ас қасық қант;
- 0,5 шай қасық даршын.

Жарты стақан қант, ванилин және кілегей маргаринін миксермен араластырамыз.

Оған жұмыртқаны бір-бірден салып, тағы да миксермен араластырамыз.

Одан соң қаймақты салып, тағы да араластырамыз.

Оған ұн, ас содасын және тұз салып, жақсылап араластырамыз.

Пергамент қағаз жайылған ыдысқа дайын қамырды құямыз.

Қараөрікті бөліктерге бөлеміз.

Қараөрік бөліктерін қамырдың ішіне кіргізіп қойып шығамыз.

1,5 ас қасық қант пен 0,5 шай қасық даршынды араластырамыз.

Бәліштің бетіне қант қоспасын сеуіп шығамыз.

Бәлішті 200 градуста қыздырылған пеште 45-50 минут пісіреміз. Оны тіс тазартқышпен тексеріп алыңыз. Бәлішті пештен шығарған соң толықтай суығанша ыдысынан алмаңыз. Бәліш қышқыл болатындықтан, бетіне қант ұнтағын себуге болады.

Қараөрік бәліші дайын!

А. Жапатова