Массагеттен мәзір: Пеште пісірілген баклажан

Массагеттен мәзір: Пеште пісірілген баклажан
Фото: massaget.kz

Бұл – ірімшік және қызанақ қосылатын өте дәмді тіскебасар. Баклажан мен кәдіден түрлі тағамдар дайындауға болады. Солардың бірі – пеште дайындалатын қарапайым тіскебасар. 

Қажетті азық-түлік:

- 1 баклажан;
- 1 кәді;
- 2-3 қызанақ;
- 100 г ірімшік;
- 2-3 ас қасық қаймақ;
- аскөк;
- 2 сарымсақ.

Баклажанды жалпақтығы 1 см болатындай етіп тураймыз.

Баклажанды ыдысқа салып, аздап тұзбен араластырамыз. Сол кезде оның ащы дәмі кетеді. 

Кәдіні де жалпақтығы 1 см болатындай етіп тураймыз. 

Қызанақты жіңішке дөңгелектеп тураймыз.

Ірімшікті үккіштен өткіземіз.

Ірімшік, қаймақ, сарымсақ және аскөкті араластырамыз. 

Пешке салатын ыдысты майлап, баклажан мен кәдіні қойып шығамыз. Үстіне қалауыңызға қарай тұз бен қара бұрыш себуге болады.

Одан соң қызанақты қойып шығамыз.

Қызанақтың үстіне ірімшік қоспасын жағамыз. Оны 200 градуста қыздырылған пеште 30-35 минут пісіреміз.

Баклажан мен кәді дайын! Ас болсын!

А. Жапатова