Етті дұрыс жібітесіз бе?

Етті дұрыс жібітесіз бе?
Фото: pixabay.com

Пісірілген етті тағам дәмді әрі пайдалы болуы үшін етті және құсты қалай жібіту керектігін білесіз бе? Әрине, ең дәмді тағам жас әрі балғын еттен дайындалады. Алайда, көпшілік етті молынан алып қойып, ол бұзылмас үшін оны мұздатқышта сақтайды.  

Бір рет жібітілген етті қайтадан қатырмауға тырысыңыз. Ол үшін үйге етті көп мөлшерде әкелсеңіз, оны бірден кішкентай бөліктерге бөліп, пакеттерге салыңыз. Сол кезде тамаққа қажет мөлшерін алып, оны бірден қолданып тастайсыз.

Ет ақырын, асықпай ерігенді жақсы көреді. Яғни, қаншалықты ұзақ болса, соншалықты жақсы. Сондықтан, оны бірден мұздатқыштан шығарып тастауға асықпаңыз. Алдымен мұздатқыштан алып, оны тоңазытқыштың жоғарғы сөресіне салып қойыңыз. Етті пакеттен шығармай-ақ қойыңыз. Бұл жерде ол оның мөлшеріне байланысты 8-12 сағат тұрғаны жақсы. Етті уақыт өте аударып тұрған жөн. Сол кезде ол біркелкі жібиді.

Еттің жібігенін байқаған соң оны тоңазытқыштан шығарып қойыңыз. Ол бөлме температурасына «үйренуі» керек. Оны пакеттен шығарып, турауға болады.

Егер алдын-ала қандай тамақ пісіретініңізді білсеңіз және ұмытып кетпесеңіз, түскі асқа дайындайтын етті ұйықтар алдында мұздатқыштан алып, тоңазытқышқа салып қойған жөн. Осылай асықпай жібіген еттің шырындылығы жақсы сақталады.

Етті жылдам суда жібіту

Пакетке оралған етті терең ыдысқа салып, суық суға салып, шамамен 1 сағатқа қалдырыңыз.

Етті қысқатолқынды пеште жылдам жібіту

Егер етті өте жылдам жібіту керек болса, микротолқынды пеш қолдануға болады. Шағын ет тілімдерін арнайы ыдысқа салып, микротолқынды пеште «мұзын еріту» (разморозка) режимін таңдаңыз. Арасында қақпағын ашып, етті аударып тұрыңыз. Алайда, бұл кезде еттің дәмі мен шырыны аздап бұзылатынын ескеріңіз.

А. Жапатова