Массагеттен мәзір: "Раушан" мантысы

Массагеттен мәзір: "Раушан" мантысы
Фото: massaget.kz

Манты безендірудің түрлері көп. Раушан пішінді манты жасауға болады. Оны дайындаудың да түрлі жолы бар. Ендеше, "раушан" мантысы дайындалуының бір жолын ұсынамыз. Ол дәмді, әдемі әрі ерекше болып шығады. 

Салындыға қажетті азық-түліктер:

- 500 г асқабақ;
- 1 ірі пияз;
- 2 картоп;
- 800-1000 г тартылған ет;
- дәміне қарай тұз бен қара бұрыш.

Қамырға қажетті азық-түліктер:

- 1 жұмыртқа;
- 1 стақан су;
- 500-700 г ұн;
- 1 шым-шым тұз.

Асқабақты ұсақ төртбұрышты етіп тураймыз.

Пиязды да ұсақтап тураймыз.

Картопты ұсақ төртбұрышты етіп тураймыз.

Туралған ингредиенттерге тартылған етті салып, дәміне қарай тұз бен қара бұрыш қосып, барлығын жақсылап араластырамыз.

Қамырды жіңішке етіп илеп, стақанмен дөңгелек ойықтар жасаймыз. Дөңгелек қамырларды суреттегідей тізбектеп қоямыз.

Қамырдың ортасына салындыны салып шығамыз.

Қамырдың төменгі шетін аздап қайырамыз.

Салынды салынған дөңгелек қамырларды рулет ретінде ораймыз. Содан соң қамыр шеттерін сыртқа қайырамыз. Мантыны буда 45 минут пісіреміз.

Манты дайын! Астарыңыз дәмді болсын!

Біздің мақалаларды Telegram-нан оқыңыз.

А. Жапатова