Тауық еті мен жұмыртқа құймағынан дайындалатын сорпа

Тауық еті мен жұмыртқа құймағынан дайындалатын сорпа
Фото: pixabay.com
Тауық сорпасын дайындаудың бір түрін ұсынамыз.

Қажетті азық-түліктер:
- 300гр тауық кеудесі;
- 3 жұмыртқа;
- 1 сәбіз;
- 1 пияз;
- 2 картоп;
- тұз және дәмдеуіштер;
- өсімдік майы.

Дайындалу жолы:

1. Тауықтың кеудесін тұзды суда қайнатып аламыз, оны төртбұрышты етіп кесіп, сорпаға қайтадан саламыз.

2. Картопты төртбұрышты етіп турап, сорпаға саламыз.

3. Сәбізді үккіштен өткізіп, пиязды ұсақ төртбұрышты етіп тураймыз. Оларды сорпаға қосып 15 минут қайнатамыз.

4. Жұмыртқаға тұз бен бұрышты қосып, құймақ сияқты дайындаймыз. Оның екі жағын табаға кезектеп қуырып аламыз. 

5. Құймақтар суыған соң, оларды ұзынша етіп турап, сорпаға қосамыз. Баяу отта 10 минут қайнатамыз. Қалауыңызға қарай бетіне аскөкті себуіңізге болады. Ас болсын!

Дереккөз: anabol.kz

А. Жапатова