Массагеттен мәзір: Сүзбе қосылған чуду

Массагеттен мәзір: Сүзбе қосылған чуду
Фото: massaget.kz

Хош иісті, жіңішке және жабық бәліш түріндегі чуду тағамы дағыстандық асүйге жатады. Алайда "чуду" деп аварлықтар айтады, ал басқа дағыстандық халықтардың өз атаулары бар. Мысалы, кейбіреулері оны "качи" дейді. Бұл бәліш әмбебап, себебі оған мерзімдік салындыларды (сүзбе, картоп, тартылған ет, асқабақ, ірімшік) қолданып, жыл бойына пісіруге болады. 

Қажетті азық-түлік:

- 400 г ұн;
- 180 мл су;
- тұз;
- 350-400 гр сүзбе;
- 1-2 жұмыртқа;
- 2 буда көк жуа.

Ұн, су және тұзды араластырып, қамыр дайындаймыз. Оның бетін жауып, 20 минутқа қойыңыз. 

Ыдысқа сүзбені саламыз.

Көк жуаны ұсақтап тураймыз. Оны сүзбеге салып, жақсылап араластырамыз.

Сүзбе қоспасына жұмыртқа мен аздап тұз саламыз. Жұмыртқа саны сүзбе көлеміне қарай өзгереді. 380 г сүзбеге 2 жұмыртқа көптеу болды. Барлығын араластырамыз.

Қамырды шұжық секілді дайындап аламыз.

Оны тең бөліктерге бөлеміз. 

Әр қамыр бөлігін дөңгелектеп шығамыз.

Әр қамыр бөлігін жіңішке етіп илейміз. Олардың көлемін бірдей етіп ысуға тырысыңыз. 

Иленген қамырға дайын сүзбе салындысын саламыз.

Оның бетін екінші иленген қамырмен жабамыз. Шеттерін жақсылап жабыстырып шығыңыз.

Оны бос табаға салып пісіреміз. Отты орташа етіп жағыңыз. Ол қалың шойын таба болғаны жақсы. 

Аздап қызарғанда екінші жағына аударамыз.

Чудуға табадан түсірген бойда ыстық күйінде қолдың сары майын немесе кілегей маргаринін жағып шығамыз.

Қамыр мен салындының жартысынан шағын бәліш жасап, майға қуырып та көрсеңіз болады. Сүзбе қосылған чудуді ыстық күйінде жеген дәмді болады. 

А. Жапатова