Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Балды қалай сақтаймыз?

Балды қалай сақтаймыз?

Балды қалай сақтаймыз?

Бал – ұзаққа дейін дәмділігі мен пайдасын жоғалтпайтын тағам. Балды үйде сақтау туралы 6 негізгі сұраққа жауап іздейміз.

1-сұрақ. Балды қанша уақыт сақтауға болады?

Мемлекеттік стандарт (ГОСТ) бойынша 20 градустан жоғары емес температурада балды 1 жыл сақтауға болады. Алайда дұрыс шартта дәмдік және пайдалы қасиеттерін жоғалтпай, балды бірнеше жылдап сақтауға болады.

2-сұрақ. Кристалдану – бал сапасының төмендігін көрсете ме?

Жоқ, керісінше, нағыз бал алғаныңызды білдіреді. Кристалдану процесі табиғи құбылыс. Ол құтыны ашқаннан кейін 3-6 ай уақыт өткен соң басталады. Түрлі факторға және арнайы өңделуіне байланысты ірі және ұсақ кристаллдар болады. Егер балдың бастапқы күйін қайтарғыңыз келсе, кристаллдар ерігенше балы бар құтыны ыстық суда қыздыру керек. Алайда барлық балды емес, тек өзіңізге сол кезде керек мөлшерін ғана ерітіңіз. Себебі мұндай процестен соң балдың пайдасы азая береді.

3-сұрақ. Балды үйде аз мөлшерде қалай сақтауға болады?

Егер сіз балды шағын құтымен сатып алып, күнде жейтін болсаңыз, балды сақтау туралы келесі ережелерді білуіңіз керек. Балға ыдыстың әйнектен немесе қақпағы тығыз жабылатын керамика ыдыс болғаны жақсы. Ыдыс және оның қақпағы алдын ала жуылып, кептірілген болуы керек. Балға қолайлы температура бөлме температурасынан аздап салқындау болғаны керек. Яғни,  температура +5 – +15 градус аралығында болғаны жақсы. Балды асүйдегі шкафтың қараңғылау сөресіне қойыңыз. Ол сөреде тұз және қатты иіс шығатын заттар сақталмағаны жөн.

4-сұрақ. Балды тоңазытқышта сақтауға бола ма?

Балды тоңазытқышта да сақтауға болады. Суық температура балға зиянын тигізбейді. Алайда төмен температура кристалдану процесін жылдамдатуы мүмкін. Сонымен қатар, салқындатылған балды қолдану ыңғайсыз болып келеді. Ылғалдылығы 21% болып келетін балдың кей түрлерін тоңазытқышта сақтау керек. Балды қатты иісі бар азық-түліктердің (балық, сарымсақ, пияз) қасында сақтауға болмайды. Балдың қақпағы жабық болса да басқа иістерді сіңіріп алады.

5-сұрақ. Бал ұзақ сақталуы үшін не істеу керек?

Көп мөлшердегі балды ұзаққа дейін сақтағыңыз келсе, оны қатырып тастасаңыз болады. Егер балды қатыратын болсаңыз, оны салған ыдысыңызда бос орын қалдырыңыз. Себебі бал қатыру кезінде көлемі ұлғаяды. Балды еріткіңіз келсе, ыдыстың қақпағын ашпай бөлме температурасында ұстайсыз.

6-сұрақ. Бал неден бүлінеді және өзгереді?

Бал бірден температура өзгеруінен түсін өзгертіп, қантқа айналады және иісін аздап кетіреді. Сондықтан балды тоңазытқышта сақтайтын болып шешсеңіз, соңына дейін сол жерде ұстаңыз. Балды күннің тікелей көзінен сақтау керек. Егер бал күннің астында 48 сағатқа қалып қойса, оның құрамындағы ингибин ферменті бұзылады.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: SovetClub.ru
Қосылған күні: 04 желтоқсан 2017, 12:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.