Фаст-фут тұтынушысы тапсырыс қорабынан 2,6 мың доллар тауып алған

Фаст-фут тұтынушысы тапсырыс қорабынан 2,6 мың доллар тауып алған
Фото: google.com

Қала халқының арасында жаттанды сөзге айналған «KFC», «McDonalds», «Burger King» сияқты тамақтану орталықтары өз өнімдерімен әлемдік нарыққа танымал болды. Ерекше рецептпен дайындалатын фаст-футтың өтімділігі өте жоғары. Тұтынушыларды өзінің балғын дәмімен баурап алатын бұл тағамдар жайлы қызықты оқиғаларды оқи отырыңыз.

KFC-ді ең алғаш әзірлеген америкалық аспаз – Гарлан Сандерс. Кішкентайынан әкесінен айырылып, тек 6 жылдық білім алған Гарлан анасы жұмысқа кеткен уақытта үнемі тамақ әзірлеумен айналысқан. Бала күнінен осы кәсіпке машықтанған болашақ аспаздың даярлаған тағамдары тіл үйірердей үнемі дәмді болатын. Бірақ, жас күнінде аспаздықты қаламаған Гарлан өз ғұмырында он мамандық ауыстырған. Осы тізімдегі көлік жөндейтін шеберхана бизнесінің ұшынан ұстаған тұлға, кезекте тұратын адамдар үшін шеберхананың қасынан 6 адамдық асхана ашады. Тамақты өз үйінің асханасында даярлап бастаған аспаздың шеберханадағы бизнесі емес, аспаздық бизнесі бірден өркендей түседі. Әсіресе, қуырылған тауық етінен жасалған тағамы үлкен сұранысқа ие болады. "Кентуккиялық қуырылған балапан" деген атқа ие болған бұл тағам кейіннен әлемдік брэндке айналды. "KFC" сөзінің толық жазылуы – Kentucky Fried Chicken. Небәрі 15 минуттың ішінде дайын болатын Гарланның авторлық тағамы. KFC қазіргі уақытта әлемнің 50 елінде жұмыс жасайды. 

Халықтың ең сүйікті тағамдарының бірі – Burger King өнімдері. Burger King-тің тарихында әлемге тараған оқиға орын алды. Американың Рочестер қаласындағы Burger King дәмханаларының бірінде кезекті тұтынушы бургерді өзімен бірге алып кетуге тапсырыс берген. Қораптың ішін ашып қарамастан асты өзімен бірге алып кеткен азаматша түстеніп болғаннан кейін қораптың түбінен 2,6 мың доллар тауып алады. Арнайы конвертте сақталған бұл ақша банкке жеткізілуге тиісті еді. Бірақ, белгісіз жағдаймен тұтынушының дорбасына түсіпті. Күйеуінің ақылымен пендешілікке бой алдырмаған азаматша мекемеге бұл ақшаны толықтай қайтарып берген. Осылайша, бес рет «Burger King» дәмханасында тегін тамақтануға мүмкіндік алған екен.

А. Қажиев