Арықтататын көкөністі коктейль түрлері #2

Арықтататын көкөністі коктейль түрлері #2
Фото: bibamagazine.fr

Көкөніс коктейлі жақсы сіңімді және биологиялық белсенді тағам. Ол ағзаға пайдалы және арықтауға да көмектеседі.

Басы

«Қышқыл дәмді» көкөніс коктейлі. Бұл коктейль әлдендіреді, ағзаны иммунитет көтеруге көмектесетін С дәруменімен қамтамасыз етеді. Коктейльді дайындау үшін ақжелкен мен насыбайгүл (базилик) будасы, жарты стақан ашытқан қырыққабат тұздығы, жарты стақан суытылған қайнаған су, 4 қызанақ және 1 шай қасық қант керек. Көктерді және көкөністерді ұсақтап турап, қалған ингредиенттермен бірге блендерде езіңіз. Соңынан қант қосыңыз. Егер ішек-қарын жолында проблемаңыз болса, бұл сусынды абайлап ішіңіз.

«Алма-сәбіз» коктейлі. Жүрек жұмысын жақсартады, қан тамырларына жақсы әсер береді және қаназдықпен күреседі. Коктейль құрамына 4 сәбіз, 2 жасыл алма, үккіштен өткізілген 2 ас қасық занзабіл тамыры, 250 мл су кіреді. Сәбізді үккіштен өткізіңіз. Алманың ортасын алып тастаңыз. Барлық ингредиенттерді блендермен араластырыңыз. Асқазанның ойық жаралы ауруы бар адамдарға ішуге болмайды.

Арықтататын «асқабақ» коктейлі. Бұл сусынның құнарлылығы – 72 кКл (1 порция). Оның дәмі көпшілікке ұнайды. Мұндай коктейль дайындауға 500 мл майлы емес сүт, 300 гр тазартылған асқабақ, 3 ас қасық ұсақ сұлы қауызы, аздаған даршын және 1 шай қасық бал қажет. Асқабақты ұсақтап турап, блендермен пюреге айналдырыңыз. Оған қалған ингредиентті қосып, тағы да жақсылап араластырыңыз. Коктейль дайын.

Арықтататын «қызылша» коктейлі. Бұл коктейльге 2 сәбіз, қызылшаның 1/3 бөлігі, 1 апельсин, занзабіл тамырының кішкентай бөлігі қажет. Қызылшаны үккіштен өткізіп, сусынын сығып алыңыз. Ол тоңазытқышта екі сағаттай тұрсын. Занзабіл мен тазартылған сәбізді де үккіштен өткізіңіз. Апельсиннің қабығын ашып, бөліктерге бөліңіз. Барлық ингредиенттерді блендерде езіңіз, содан соң дайын сусынға аздап су қоссаңыз болады. 

А. Жапатова