Алма ішіндегі сусын

Алма ішіндегі сусын
Фото: Pinterest

Қонақтарды ерекше сусынмен таңдандырғыңыз келсе, алманың ішіне сусын құйып, ұсыныңыз. 

Қажетті ингредиенттер:

- 12 алма;
- 1 апельсин;
- 1/2 қоңыр қант (немесе қарапайым қант);
- 2 таяқша даршын;
- 2 жұпар жаңғағы;
- 1/2 ас қасық қалампыр;
- су.

Дайындау жолы:

1. Алмаларды жақсылап жуып, құрғатыңыз. Олардың бас жағын аздап кесіп, пышақ пен қасықтың көмегімен ішін алыңыз.
2. Алмалардың іші қарайып кетпес үшін лимон сығындысын жағып шығыңыз. 
3. Ыдысқа алманың ішін салып, су құйыңыз. Оған апельсин, даршын, қант, қалампыр және жұпар жаңғағын салып, орташа отқа қойыңыз. Сусын қайнаған соң, отты баяулатып, 2 сағат шамасында қайнатыңыз. 
4. Сусын суыған соң, блендермен пюре етіп езіңіз. 
5. Сусынды ұсынар алдында алмаларға құйып, даршынмен безендіріңіз. Бұл сусынды әдетте бөлме температурасында ұсынады, бірақ суық күйде де ішкен дәмді болады. 

А. Жапатова