Торт туралы қызықты деректер

Торт туралы қызықты деректер
Фото: http://www.gastronom.ru

20 шілде – Халықаралық Торттар күні. Бұл мереке Еуропа елдерінде «I CAKE YOU» деген ұранмен өтеді. Оның мағынасы «Мен саған қонаққа тортпен келемін» дегенді білдіреді. Тәттіні сүйіп жейтіндер үшін тортсыз шай ішу тұзсыз тамақ жеумен бірдей. Бірақ ол туралы сіз білмейтін деректер бар.

Сіз білесіз бе?

– Орта ғасырда екі жағы күйген, дөңгелек пішінді нандар торт деп аталған.

– Капкейктер (кішкентай торттар) деген ұғым тортарды тостағанда дайындаған сәттен бастап қолданысқа енді.

– Туған күнді тортпен атап өту дәстүрі алғаш рет 1785 жылдан бастау алды.

фы

– Аппақ кремді той торттары пәктік пен тазалықтың символы

– Әлемдегі ең қымбат торт 30 миллион долларға дайындалған.

фы

– Торттар күніне арнап Италияның наубайханашылары әлемдегі ең үлкен тортты дайындады. Оның көлемі 244 шаршы метрге тең болса, салмағы 1000 килограммнан асқан.

– XVII ғасырда Англияның жас қыздары жемісті тортты жастығының астына салып жатса, болашақ жары түсіне енетініне сенген.

– Торт жоғары калориялы өнімдерге жатады. 

Т. Есқали