Сүйікті тағамыңыз сіз туралы айтады

Сүйікті тағамыңыз сіз туралы айтады
Фото: elementaree.ru

Адамның жүріс-тұрысы, киген киімі, ішкен-жегені өзі туралы хабар береді. Мысалы, сүйікті асыңыз сіздің қандай екеніңізді, мінезіңіз бен болмыс-бітіміңізді ашып бере алады. Тексеріп көрейік.

Тұзды тағамға құмар адамдардың ағзасы кейбір минералды заттарға зәру. Олар жиі жағдайда тағдырға сеніп, өмірдің ағынымен жүреді. Олар өмірін өздері емес, қоршаған адамдар мен жағдайлар шешеді деп ойлайды.

Шоколадқа әуестік серотонин (бақыт гормоны) жетіспеушілігінен болады деп есептейді ғалымдар. Ащы шоколадты ылғи көпшіліктің назарындағы адамдар таңдаса, сүтті шоколадты жалғыздықты таңдайтын ұстамды интроверттер сүйіп жейді екен.

Ащы тағамдарды қан қысымы "секіретін" жандар ұнатады. Мінезі туралы айтатын болсақ, мұндай адамдар ұқыптылықты, тазалықты, реттілікті сүйеді.

Кәмпиттерге құмар жандар өмірді сүйетін, өз ерекшелігін ұнататын адамдар болады. Олар басынан өткен оқиғалар мен қабылданған шешімдер жайлы еш өкінбейді.

Тәттіге де, тұзды тағамдарға да бірдей әуес кісі дарынды, басқаша ойлайтындар қатарынан. Жиі жағдайда олар жалғыздықты таңдайды, басқаларға ішкі жан-дүниесін ашпайды.

Етсіз өмірін елестетпейтін жандар билікті сүйетін реалистер. Көп жағдайда сәтті, бай болады. 

Заманауи бургер, қуырылған картоп, басқа да фастфудты күнде жейтіндер шапшаң, күші мол, пысық адамдар болады. Олар әр кез қозғалыста жүреді.

Сүт, йогурт, айран және басқа да сүтті өнімдерге құмар жандар нәзік, қамқор, мейірімді болады. Олар жалғыздықты қаламайды, үлкен отбасы, балалар жайлы армандайды.

Тым ащы тағамдарға әуес адамдар қызғаншақ, қаны қызу болады. Олар қызық шытырман оқиғаларды тілеп отырады. 

Көкөністерді сүйіп жейтіндер еңбекқор және күшті болады. 

Ал жемістерді шығармашылық қабілеті бар, сезімтал жандар таңдайды.

Тұзды балыққа құмар адам тұрақты, байыпты мінез иесі. Алайда қарым-қатынас жағынан керемет болмауы мүмкін.

Г. Берік