Жаһанның үздік аспазы жаңа тағамына Maserati автокөлігінің атын берді

Жаһанның үздік аспазы жаңа тағамына Maserati автокөлігінің атын берді
Фото: www.pinterest.com

Өткен жылы Osteria Francescana мейрамханасы World's 50 Best Restaurants тізіміне енген болатын. Ал, сол мейрамхананың бас аспазы Массимо Боттураны жаһанның үздік аспазы деп атасаңыз да болады. Сондай-ақ, Массимо — Maserati брендінің елшісі. Оның ең көркем әрі қымбат автокөліктің жаңа түрін көпшілік назарына ұсыну шарасына барып, арнайы ас дайындау себебі де – осы.

Боттура асты тек асханада емес, басқа да дәстүрден тыс жерлерде даярлауымен танымал. Мысалы, ол Миландағы тастанды театр ғимаратында баспанасыз адамдарды тамақтандырған, ал Риода өткен Олимпиада ойындары кезінде тегін асхана ашып, қарапайым халыққа көмек қолын созған.

Массимоның стилі де өзге.

«Oops! I Dropped the Lemon Tart» аталатын десертін мысалға келтіруге болады. Өйткені, ол жерге құлаған торт формасында ұсынылады. Аспаз бұл десертті ойлап табуға өзінің алғаш аспаз болған күндері себеп болғанын айтады.

Maserati зауытында аспаз өзінің хит туындыларынан бөлек, күріштен дайындалатын жаңа тағам ойлап тауып, оған Maserati компаниясының Levante көлігінің атын берді. 

А. Оралқызы