Шай түрлерін біле жүріңіз

Шай түрлерін біле жүріңіз
Фото: o-chae.com

Шай ішпейтін қазақ кемде-кем. Көпшілік отырыстарда, жиын-тойларда шай көп ішіледі. "Шай ішсең көңілің жай" демекші, осы бір сусынның көптеген жақсы жақтары бар. Кейбірін суық тигенде ішсе, енді бірін жан тыныштығын қалыпқа келтіру үшін ішеміз. Біз сіздерге шай түрлерінің қасиеттерін айтып көрелік.

Қарақат қосылған шай. Қарақаттан жасалған шайды суық тиген кезде кешкі уақыттарда ішеді. Жаныңызға жақын жандарыңызбен бірге әсем кеште, әсерлі әңгіме аясында ішілген шайға жететін не бар?!

Түймедақ қосылған шай. Түймедақ сіздің тәніңіз бен жан дүниеңізді тыныштандырады. Мұндай шайды ішкен кезде барлығы жақсы, бәрі тамаша екенін түсінесіз.

Жебіршөп қосылған шай. Жебіршөп ауырсынуды басады. Ежелгі гректерде жебіршөп сөзі "рухтың күш-қуаты" деген мағынаны береді екен. Қанық әрі хош иісті жебіршөп құрамында В және С дәрумендерді бар. Аталған өсімдік Ресейдің оңтүстігінде, Украинада және өзге де жылы климатты Еуропа елдерінде, Кавказ, Қырым тауларының етегінде өседі.

Жөке қосылған шай. Жөке өсімдігінің пайдалы һәм әйгілі екені баршаға мәлім. Негізінен жөке ағашы барлық жерде өседі, алайда оны киелі санап ғибадатханалар мен шіркеулердің маңайына отырғызған. Ертеректе өмірге бір сәби келсе баланы қорғайды деген сеніммен бір тал жөке ағашын отырғызу дәстүрі болған. Жөке шайын, әсіресе, жылдың суық уақытында ішкен дұрыс. Суық тиюден қорғаумен қатар ағзаны қажетті дәрумендермен толықтырады, жоғары температура мен тыныс алу жолдарының қабынуына көмектеседі.

Бүлдірген қосылған шай. Бүлдірген сіздің жан дүниеңізге рахат сыйлайды, жаман ойлардан арылтады. Бұл ұзақ жасайтын шөптесін өсімдік. Құрамында (С, РР, В1, В2) дәрумендері, (кальций, фосфор, калий) минералдары, микроэлементтерден (темір, марганец, мыс), фруктоза, глюкоза кездеседі.

Қаражидек қосылған шай. Қаражидек көзге жақсы ем. Өмірге деген көзқарасыңызды өзгертуге септігін тигізеді. Медицинада қаражидекті көз ауруларына қарсы дәрі жасауда қолданады. Бұл өсімдік көздің шаршауын тежеп, көруін жақсартып, қалыпқа келтіреді.

Ж. Жұмағұлов