Дәмді бәліш жасау: лоран

Дәмді бәліш жасау: лоран
Фото: akbantik.wordpress.com

Массагет сайтында ірімшік, көкнәр, ет қосылған, алмамен, жұмыртқамен, орамжапырақ қосып та жасаған бәліштер мәзірі көп. Тіпті оларды сәндеу әдістері де көрсетілген. Енді лоран бәліші қалай дайындалатынымен таныс болыңыздар.

Қамырға:
ұн – 250 грамм;
сары май – 125 г;
жұмыртқа – 1 дана;
тұз – жарты шай қ.;
су – 3 ас қ;

Құйма (үстіне):
Жұмыртқа – 2 дана;
Ірімшік (сыр) – 150-200 г;
33%-ті қою сүт (сливки) – 150-200 г;

Ішіне:
тауық еті (алдын ала қайнатылған) – 1 дана;
саңырауқұлақ – 10 дана;
пияз- 1/2 дана.

Қамыр илеп тоңазытқышқа салып қойыңыз. Ішіне салатын саңырауқұлақ пен пиязды аздаған майға қызартып қуырып алыңыз. Енді алдын ала пісірілген тауық етін турап қосыңыз. Отты сөндіріп, тұз, қара бұрыш қосыңыз.
Бетіне құятын құймасын әзірлеңіз. Жұмыртқаны жақсылап миксерлеп,  қою сүтті қосыңыз. Енді осыған үккіштен (теркадан) өткізілген ірімшікті араластырыңыз.
Тоңазытқыштағы қамырды бәліш пісіретін табаңызға жайыңыз.

Ішіне тауық пен саңырауқұлақты салыңыз. Оның үстіне ірімшіктен әзірлеген құйманы құйыңыз.

200 градуста 30-40 минут пісіресіз. Бәлішті ыстық күйінде жесеңіз өте дәмді.

akbantik.wordpress.com

@. @assel_assanova