Массагеттен мәзір: Шөл қандыратын сусын

Массагеттен мәзір: Шөл қандыратын сусын
Фото: massaget.kz

Жаздың ыстық күндері шөл қандыруға қарбыз көмекке келеді. Қарбыз шөл қандырып қана қоймай, ағзадағы токсиндерді шығаруға көмектеседі. Ендеше, бүгінгі материалда қарбыздан дайындалатын сусын жасаудың жолын ұсынамыз. Мұндай сусын шөл қандырады және өте тойымды болып келеді. Сондықтан оны таңғы немесе кешкі асыңызбен ауыстыруға болады. 

Қажетті азық-түліктер: 

– қарбыз;
– йогурт немесе айран;
– 1 банан.

Бананды бөліктерге бөліп аламыз. 

Банан бөліктерін блендер ыдысына саламыз.

Бананды пюре етіп еземіз.

Бананның үстіне йогурт (айран немесе сүт) салып, тағы да араластырамыз.

Содан соң қарбыз бөліктерін салып, блендермен жақсылап араластырамыз. Егер қолыңызда жалбыз болса, оны өте ұсақтап турап сусынға қосып жіберіңіз.

Шөл қандыратын сусынымыз дайын!

Қалған қарбыз сусынын бір рет пайдаланатын ыдыстарға құйып, тоңазытқышқа салып қойсаңыз болады.

1 сағаттай уақыт өткен соң стақанға қасық немесе таяқша қыстырып, қайтадан тоңазытқышқа салып қойыңыз.

Шөл қандыратын мұз да дайын! 

А. Жапатова