Тосын сыйы бар торт

Тосын сыйы бар торт
Фото: www.buyflower.in

Тосын сыйы бар десертпен қонақтарды қатарынан екі рет таңғалдыруға болады. Себебі оны ұсыну кезінде алдымен торттың сыртқы келбетіне тамсанады, содан соң кесу кезінде ішіндегі ерекше тосын сыйымен қуантады. 

Мұндай торттардың құпиясы – оның салындысында. Дәстүрлі түрде торттың ішіне тәттілер мен шоколад дражелер салынады. Кей жағдайда шағын ойыншықтар мен "бақыт" тиындары да болуы мүмкін. 

Соңғы кездері тортты балғын жидектермен ұсыну кең тараған. 

Тосын сыйы бар тортты дайындаудың аса қиындығы жоқ. Торттың бисквитін бірнеше бөлікке бөліп, ең бетіне қоятын бисквитті тұтас қалдырып, қалған бисквит бөліктерін дөңгелек етіп оясыз. Содан соң сол ретпен бисквит бөліктерін креммен бекітіп, ортасындағы ойыққа қалаған тәттілерді немесе жидектерді салып, бетін тұтас бисквитпен жаубасыз. Торттың сыртын өз қалауыңызбен безендірсеңіз болады.

А. Жапатова