Азық-түліктердің үйлесімділігі

 Азық-түліктердің үйлесімділігі
Фото: violetnotes.com

Азық-түліктердің үйлесімділігі өте маңызды. Себебі, ол деніміздің сау болу-болмауына тікелей әсер етеді. Кей кездері тамақтанып болған соң, бірден ұйықтағымыз келеді. Оның басты себебі  асты қорыту ағзаның барлық функциясынан көптеген энергия қажет етуінде. Жүрек, жүйке жүйесі, ми, ішкі секреция бездері және басқа да органдардың жұмысы әрқашан қандай да бір энергия мөлшерін қажет етіп отырады. Ал қорыту ағзадан оның барлық функциясынан және кез келген физикалық жүктемеден (жүгіру, велосипед айдау және т.б) де көп энергияны қажет етеді. 

Бұл мәселенің екі шешімі бар:

 Жеңіл сіңірілетін тағамды жеу (оны қорыту үшін ағза көп энергия жұмсамайды);
 Азық-түліктерді дұрыс үйлестіру.

Жеңіл сіңірілетін тағамдарға не жатады?

Олардың қатарына жарық, су, оттегі, дәрумен, микроэлемент, амин қышқылы, майлы қышқыл және  сілтілі негізге бай күннің көзі, ауа, су, жеміс-жидектер мен көкөністер кіреді. 

Жеміс-жидектерді дұрыс қолданса (жаңа піскен, шикі, басқа тағамдардан бөлек, аш қарынға және тамақтанар алдында), ағзаға 30-80 минут шамасында сіңеді. Көкөністерді басқа тамақтардан бөлек және дұрыс үйлестіріп жеген кезде 2 сағатта сіңеді. Көкөністерді басқа тамақтармен үйлестірудің нақты заңын білу қажет. Егер оны білмей, дұрыс үйлестірмей жегеннің нәтижесінде асты қорытпау, газ түзілу, жайсыздық және созылмалы ауруларға әкеліп соғуы мүмкін.  

Жемістер мен көкөністер аш ішекте қорытылып, асқазаннан жылдам кетеді. Ал нан мен ет, керісінше, асқазан сөлінде өңделуі қажет. Егер ет, нан және жемістерді бір уақытта жесеңіз, асқазанда ішімдік түзілісі, сірке қышқылы және басқа да қажет емес азықтардың бұзылуы басталады. Нәтижесінде, сіз жеген азық-түлік зиян болмағанымен, олардың үйлесімділігі дұрыс емес болып шығады. Үйлесімсіз азық-түліктер асқазанға бір уақытта түссе, табиғи ас қорыту жүйесін бұзып, улы процеске айналады. 

Бір-бірімен үйлесімсіз қоспалар:

- Балық пен сүт — екі ақуызды бірге жеуге болмайды;
- Сүт пен жеміс-жидек — жемістермен ештеңе үйлеспейді;
- Жұмыртқа мен балық — екі ақуыз;
- Бұршақ пен қант — ақуыз бен көмірсу үйлесімсіз;
- Тауық еті мен қышқыл сүт — екі ақуыз;
- Бал мен май — май және көмірсу. 

А. Жапатова