Мұз ыдысын басқа жағдайларға қолдану

Мұз ыдысын басқа жағдайларға қолдану
Фото: liveinternet.ru

Судан басқа да сұйықтықтарды қатыруға болады. Мұз қатыратын ыдысты басқа да жағдайларға қолданып, өміріңізді жеңіл, дәмді әрі әдемі ете түсетін бірнеше идея ұсынамыз.

Мұндай қалыпқа кофе қатырып қойса болады. Содан соң стақанға бір-екі кесегін салып, үстіне сүт құйыңыз. Дәмді коктейль шығады.

Йогуртты қатырамыз. Ол ыстық күндері балмұздақпен жақсы үйлеседі. Сонымен қатар, сақтау мерзімі аз йогурттарды жақсы сақтаудың бір жолы осы.

Блендермен араласқан кез келген жеміс-жидек езбесін қатырыңыз. Олармен дәмді десертіңізді безендіре аласыз.

Құлпынай немесе басқа да жидектің үстіне ерітілген шоколад құйып, қатырып тастасаңыз, дәмді әрі әдемі десерт аласыз.

Томат тұздықтарының қалдықтарын да қатырып қоюға болады. Содан соң керек кезінде сорпаға салсаңыз болады.

Тоңазытқыштағы косметика. Алое сусынын қатырып, жуынатын мұз ретінде қолдануға болады. Алое мұзымен бетіңізді уқалаңыз. Ол жақсы салқындатып, сергітеді. 

А. Жапатова