Французша пияз сорпасы

Французша пияз сорпасы
Фото: mytour.vn

Пияз сорпасы  Еуропа аумағында ертеден келе жатқан белгілі тағамдардың бірі. Бұл тағам әрбір отбасында дайындалатын болған. Себебі ол кезде сорпаны дайындау үшін қуырылған пияз, ет сорпасы және нан тілімі ғана пайдаланылған. Пияз сорпасының заманауи түрі Францияда XVII-XVIII ғасырдан бастап қолданысқа енді. Қазір пияз сорпасына жоғарыда айтылғандардан басқа кілегей майы, сарымсақ және ірімшік қосады.

Қажетті азық түліктер:

- 1 кг пияз;

- 60 гр кілегей майы;

- 1 ас қасық қант; 

- тұз;

- тауық сорпасы;

- нан тілімдері (багет болғаны жақсы);

- сарымсақ;

- 1 стақан үккіштен өткізілген ірімшік.

Дайындалу жолы:

Пиязды жіңішке жарты сақина етіп тураймыз. Табаға кілегей майын (маргарин) ерітіп, қызған соң, туралған пиязды салып қуырамыз. Оған 1 ас қасық қант және аздап тұз саламыз. Пияз қызарғанша қуырамыз. Алдын ала тауықты суға қайнатып сорпа дайындап қою қажет. Сорпадан тауықты алып тастап, қуырылған пиязды салып, орташа қоюланғанша қайнатамыз. Содан соң дайындап жатқан сорпаны газ плитасына қоюға болатын ыдысқа құямыз. Алдымен сорпаның бетіне үккіштен өткізілген ірімшіктің жартысын саламыз. Содан соң сарымсақ жағылған нан тілімдерін қойып, оның үстіне қалған үккіштен өткізілген ірімшікті саламыз. 200 градусқа қыздырып, сорпаны салыңыз. Мөлдір қақпағынан қарап тұрыңыз. Ірімшік балқығанын байқасаңыз, сорпаның дайын болғаны. Французша пияз сорпасы дайын. Ас болсын!

А. Жапатова