Сүт туралы қызықты деректер

Сүт туралы қызықты деректер
Фото: getbg.net

Сүт — сусын ретінде де, тамақ ретінде де қолданылатын бірден-бір өнім. Ол Еуропаның көп бөлігінде мұнайдан да қымбат екен. 100 мл сүттің құрамында: 87 грамм су, 4.8 грамм қант, 0.1-3.8 грамм май, 3.4 грамм ақуыз, 120 милиграмм кальций, 12 милилитр магний, 3,3 мкг. йод, 32 мкг. А витамині, 0.18 мкг. В витамині және 0.4 мкг. В12 витамині бар. Сүтті энергия беретін сусын ретінде де қолданады. Әсіресе спортшылар жарыс кезінде көп пайдаланады. Халықаралық сүт мейрамы 1 маусым күні атап өтіледі.

Сүт десе сиыр, сиыр десе Үнді елі көз алдымызға елестейді емес пе?!.. Сиыр ежелден қасиетті жануар болып есептеледі. Бала шыр етіп дүниеге келісімен-ақ, оған болашақта білгір, білімді болсын деген мақсатпен сиырдың сүтін ішкізеді. Бұл елде сиыр сүті — ана сүтімен пара-пар. Сүт өнімі ел экономикасының маңызды бөлігі. Әлемде үнді елі сүт өнімін өндіруден 2-орынға ие.

Германияның 66% халқы сүт құрамындағы витамин жетіспеушілігінен зардап шегіп жатыр. Германия халқы қолданысы бойынша сүт сырадан кейінгі орынды алады. Әлем бойынша сүт өнімін өндіруден 5-орын алады. Алғашқы төрттік: АҚШ, Үнді елі, Қытай және Ресей. Сүт туралы заң алғаш рет 1930 жылы 31 шілде күні Германияда қабылданған.

Ал, Қытай көбіне сүтті экспорттайды. Себебі, сүт құрамындағы қант — қант диабетінің ауыруына алып келетін ең басты себептердің бірі. Бес алпауыт елмен бәсекелесу барысында Қытайдағы сүт өнімі күннен-күнге дамып келеді.

Ежелгі кезде Ресей халқы сүт ашып кетпеуі үшін ішіне тірі бақа салып қоятын болған. Ресей дүкендерінде шикі сүт сатуға тиым салынған. Ресейдегі сүттің бағасы шет елдің бағасынан қымбат көрінеді. Германияда 1 л. сүтті 45 евроцентке алсаңыз, бұл көрсеткіш Ресейде 1 евро.

Америка сүт өндіруден әлемде алғашқы орынға ие бола тұра, Еуропа елдері және Канада бұл елдің сүт өнімін қолдануға тиым салды. Себебі аталмыш елдің сүтінен рак ауруы туыпты.
Сүтті микробтардан қорғайтын қорапша алғаш рет Америкада 1890 жылы қолданысқа енген. Содан бері АҚШ шетелдерге өнімдерін үздіксіз экспорттап отыр. Осы жылғы көрсеткіш елдің жылдық табысына 43100000000 доллар алып келді. Бұл тарихта болмаған көрсеткіш.

Өзіміздің еліміз де сүт өнімдерін өндіру жөнінен басқа елдерден қалыс қалмайды. Кезінде Еуропа саяхатшылары қазақтың сүттен қалай май алатыннын таңдана жазғаны ақиқат. «Су сұраса, сүт берген, айран берген» қазақ сүттен көптеген өнімдер мен тағамдар даярлайды.

aitaber.kz

@. @assel_assanova