Фаст-фуд соустарының сақтау мерзімі

Фаст-фуд соустарының сақтау мерзімі
Фото: dostavka-edi.su

Фаст-фуд тұтынушыларының 40 пайызынан астамы артық қалған соустарды өздерімен бірге алып кетеді екен. Сондықтан сөмкеде, тоңазытқышта немесе көлікте ұмытылып кеткен соустардың сақтау мерзімін біле жүрген абзал. 

Егер соус қаптамасында оның қай уақытқа дейін жарамды екені көрсетілмеген болса, бірақ қай күні өндірілгендігі көрсетілсе немесе сақтау мерзімі тіптен болмаса, төмендегі кеңестерге көз жүгіртіңіз.

Соус пакеті ашылған, жыртылған немесе бөгде иістерді сіңірген болса және ол майонезбен араласып кетсе, оны тамақпен қолданудың еш қажеті жоқ. Оларды жедел түрде тастаңыз. Себебі үйдегі ашылмаған майонездің тоңазытқыштағы сақтау мерзімі — ай. Ал фаст-фудтағы майонез немесе ірімшік соустарының сақтау мерзімі бір жылдан екі жылға дейінгі аралықты қамтиды.

Сонымен, фаст-фудтағы соустар мен дәмдеуіштердің сақтау мерзімі:

» Бал, тұз, қант: мерзімсіз;

» Ащы бұрышты соус, ұнтақталған бұрыш, сірке суы: 3-4 жыл;

» Жемістен жасалған тәтті қоймалжың, қою тосап: 2-3 жыл;

» Зәйтүн майы, қыша,соя соусы: 1-2 жыл;

» Майонез негізінде жасалған соустар және кетчуптержыл.

Сонымен қатар тоңазытқышта тұрып қалған кетчуп немесе мойенез бар болса, ал сіз оны соңғы рет қашан әкелгеніңізді есіңізге болмаса, оны мүлдем қолданбай-ақ лайқтырып тастау керек.

А. Жапатова