Кекс дайындаудың оңай әдісі

Кекс дайындаудың оңай әдісі
Фото: eda.ru

Бүгін сіздердің назарларыңызға қойылтылған сүт қосылған дәмді кекс түрін ұсынамыз. Мұндай кекстің жасалу жолы өте қарапайым және көп уақытыңызды алмайды.

Ол үшін:

- 2 жұмыртқа;
- 1 стақан қант; 
- 140 мл қаймақ; 
- 100 грамм кілегей майы; 
- 0,5 шай қасық сірке су мен сода қоспасы;
- 300 грамм ұн;
- қойылтылған сүт керек.

Дайындалу жолы:

1. Миксердің көмегімен 3-4 минут жұмыртқа мен қантты араластырып, одан кейін қаймақ пен кілегей майын қосыңыз. Тағы да 2 минут араластырып, сода мен ұнды қосыңыз. Содан соң жақсылап араластырыңыз.

2. Кексті пісіретін ыдысқа алдымен кілегей майын жағып алып, содан соң қамырды салыңыз. Әр кекстің ортасына бір шай қасық қойылтылған сүт (вареная сгущенка) жағыңыз.

3. Бәрін дайындап болған соң 10 минутқа пешке қойыңыз.

Астарыңыз дәмді болсын! 

Ж. Исакаев